О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2005 года № 754 «Об утверждении перечня технических вспомогательных (компенсаторных) средств и специальных средств передвижения, предоставляемых инвалидам»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2005 года № 754 «Об утверждении перечня технических вспомогательных (компенсаторных) средств и специальных средств передвижения, предоставляемых инвалидам»
- Атауы (қаз.)
- «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 157
- Қабылданған күні
- 19.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2021 153711_555175.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000157
- ЭКБ идентификаторы
- 153711
- Редакция идентификаторы
- 153711_555175
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:08
0 «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы)
құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 392-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 20 шiлдедегі
№ 754 қаулысымен
бекітілген
Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі
1 1. Протездiк-ортопедиялық құралдар:
1 1) шина-былғары қол протезi (иық протезi, білек протезi, саусақ протезi);
жаңа технология бойынша қол протезi (иық протезi, білек протезi, саусақ протезi);
2 2) шина-былғары жілiншiк протезi;
жаңа технология бойынша (модульдік) жіліншік протезі;
силикон қабы бар жіліншік протезі;
3 3) шина-былғары жамбас протезi;
жаңа технология бойынша (модульдік) жамбас протезі;