О внесении изменения и дополнения в постановление акимата района от 20 марта 2006 года № 63 "Об организации социальных рабочих мест"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление акимата района от 20 марта 2006 года № 63 "Об организации социальных рабочих мест"
- Атауы (қаз.)
- "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2006 жылғы 20 наурыздағы № 63 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 42
- Қабылданған күні
- 23.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 27.04.2009 AI44836_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.04.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09NR000085
- ЭКБ идентификаторы
- 44836
- Редакция идентификаторы
- AI44836_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:41
0 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2006 жылғы 20 наурыздағы № 63 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 358–бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1 тармағы 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7, 18-1-баптарына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" Таран ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 20 наурыздағы № 63 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 7 сәуірдегі тіркелген № 9-18-25, 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 16 "Шамшырақ") мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықтағы:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға жергілікті (аудан) бюджет қаражатынан төленетін еңбекақы төлемдері, заңнамамен белгіленген тәртіпте салық салынады. Жұмыс берушіге бюджеттен белгіленген еңбекақы шегінде, жергілікті (аудан) бюджет қаражатынан екінші деңгейдегі банк қызметіне комиссиондық өтемақы төлеу шығындары мен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік салық бойынша шығындар өтеледі. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін жұмыссыздардың еңбекақысына кеткен қаражаттарды өтеуге жергілікті (аудан) бюджеттің ақшалай түсімдерін пайдаланады”;
10-тармақтағы "жұмыс уақытының есеп табелі" сөздерінен кейін "жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару туралы бұйрықтан көшірме" сөздерімен толықтырылсын.