Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 20 июня 2006 года №168 «О закреплении рыбохозяйственных водоемов (участков)за пользователями по Урало-Каспийскому бассейну (в пределах Атырауской области)»

Қаулы · № 67 · қабылданған 05.04.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2006-no168/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 20 июня 2006 года №168 «О закреплении рыбохозяйственных водоемов (участков)за пользователями по Урало-Каспийскому бассейну (в пределах Атырауской области)» Қолданыста Қаулы ·№ 67 ·05.04.2016
05.04.2016 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 20 июня 2006 года №168 «О закреплении рыбохозяйственных водоемов (участков)за пользователями по Урало-Каспийскому бассейну (в пределах Атырауской области)»

Қолданыста Қаулы ·№ 67 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 20 июня 2006 года №168 «О закреплении рыбохозяйственных водоемов (участков)за пользователями по Урало-Каспийскому бассейну (в пределах Атырауской области)»
Атауы (қаз.)
Атырау облыстық әкімиятының 2006 жылғы 20 маусымдағы №168 «Жайық –Каспий бассейні бойынша (Атырау облысы шегінде) балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) пайдаланушыларға бекітіп беру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
67
Қабылданған күні
05.04.2016
Көрсетілген редакция
05.04.2016 101253_68525.kaz
Соңғы өзгеріс
05.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16T0003476
ЭКБ идентификаторы
101253
Редакция идентификаторы
101253_68525
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:45

0 Атырау облыстық әкімиятының

2006 жылғы 20 маусымдағы №168
«Жайық –Каспий бассейні бойынша
(Атырау облысы шегінде) балық
шаруашылығы су тоғандарын
(учаскелерін) пайдаланушыларға
бекітіп беру туралы» қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 21-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Атырау облыстық әкімиятының 2006 жылғы 20 маусымдағы №168 «Жайық-Каспий бассейні бойынша (Атырау облысы шегінде) балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) пайдаланушыларға бекітіп беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2467 болып тіркелген, 2006 жылы 29 шілдеде «Атырау» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10 және 73-баптарын, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10, 25-баптарын, «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №18-04/245 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11227 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларының 67-тармағын, сондай-ақ халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиясының 2006 жылғы 21 наурыздағы мәжіліс хаттамасын басшылыққа ала отырып, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж.Нақпаевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы