О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2007 года N 225
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2007 года N 225
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 918
- Қабылданған күні
- 08.10.2007
- Көрсетілген редакция
- 26.02.2009 AI35223_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.02.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000918_
- ЭКБ идентификаторы
- 35223
- Редакция идентификаторы
- AI35223_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:01
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1 1. "Республикалық және жергілікті бюджеттерді атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінде:
88-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"88-1. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыруды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы шешімімен анықталатын астықты көктемгі-жазғы қаржыландыруға және күзгі сатып алуға арналған сома мөлшерінде біржолғы төлемдермен жүзеге асырылады.
Мал шаруашылығы өнімнің мемлекеттік ресурстарын қалыптастыруды жүзеге асыру кезінде мал шаруашылығы өнімінің мемлекеттік ресурстарын басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымға ақша қаражатын аудару тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалатын сома мөлшерінде біржолғы төлемдерден жүзеге асырылады.".