Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 июля 2007 года № 168-п "Об утверждении Правил проведения условий аттестации гражданских служащих"

Бұйрық · № 545-Ө-М · қабылданған 08.11.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2007-no-168/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 июля 2007 года № 168-п "Об утверждении Правил проведения условий аттестации гражданских служащих" Күшін жойған Бұйрық ·№ 545-Ө-М ·08.11.2013
15.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 июля 2007 года № 168-п "Об утверждении Правил проведения условий аттестации гражданских служащих"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 545-Ө-М · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 июля 2007 года № 168-п "Об утверждении Правил проведения условий аттестации гражданских служащих"
Атауы (қаз.)
"Азаматтық қызметшілерді аттестациядан өткізу шарттарын және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 20 шілдедегі № 168-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
545-Ө-М
Қабылданған күні
08.11.2013
Көрсетілген редакция
15.12.2015 AI76175_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008937
ЭКБ идентификаторы
76175
Редакция идентификаторы
AI76175_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:57

0 "Азаматтық қызметшілерді аттестациядан өткізу шарттарын және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 20 шілдедегі № 168-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Азаматтық қызметшілерді аттестациялау мәселелерін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Азаматтық қызметшілерді аттестациядан өткізу шарттарын және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 20 шілдедегі № 168-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4883 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланды, 2007 жыл, маусым-тамыз) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қызметшілерді аттестациядан өткізу шарттары және ережесінде:

2 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

2

«2. Осы Ереже оларды аттестаттау «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 қаулысына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік кәсіпорын басшыларына қолданылмайды.».

6 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

6 «6. Біліктілік санаты (дәрежесі):

1

1) «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7755 болып тіркелді);

2 2) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік

бірыңғай анықтамалығына;

3 3) «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі

басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының
үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 31-ө-м бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7442 болып тіркелді);

4 4) «Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызмет

салаларының барлығына ортақ мамандардың жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 378-ө-м бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8011 болып тіркелді) сәйкес белгіленеді.
20-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аттестация комиссиясының құрамына ұйымның әртүрлі бөлімшелерінің, оның ішінде кадр және заң қызметтерінің өкілдері, ұйым қызметкерлерінің өкілі енгізіледі.».

2 2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А. А. Оспанов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қ. Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы