Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 20 ноября 2007 года № 373-к "Об утверждении Инструкции по поощрению работников образования и науки"

Бұйрық · № 153-к · қабылданған 08.07.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2007-no-373/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 20 ноября 2007 года № 373-к "Об утверждении Инструкции по поощрению работников образования и науки" Күшін жойған Бұйрық ·№ 153-к ·08.07.2009
08.08.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 20 ноября 2007 года № 373-к "Об утверждении Инструкции по поощрению работников образования и науки"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 153-к · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 20 ноября 2007 года № 373-к "Об утверждении Инструкции по поощрению работников образования и науки"
Атауы (қаз.)
"Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы N 373-к бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
153-к
Қабылданған күні
08.07.2009
Көрсетілген редакция
08.08.2013 AI46857_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005718_
ЭКБ идентификаторы
46857
Редакция идентификаторы
AI46857_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:49

0 "Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы N 373-к бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы N 373-к бұйрығына (мемлекеттік нормативтік актілерді тіркеу тізілімінде N 5008 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 57 (1654) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықта :
3-тармағының 4) тармақшасындағы және 5-тараудың аталуындағы ""Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытқаны үшін"" деген сөздер ""Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудағы зор еңбегі үшін"" деген сөздермен ауыстырылсын;
Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Әкімшілік департаменті (Т.Т. Мекамбаев) белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

3 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 "Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудағы зор еңбегі үшін" төсбелгісінің сипаттамасы

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 8 шілдедегі
N 153-к бұйрығына қосымша
Білім және ғылым қызметкерлерін
көтермелеу жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша
"Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудағы зор еңбегі үшін" төсбелгісінің сипаттамасы
"Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудағы жоғары қызметі үшін" төсбелгісі алқа мен планкадан тұрады.
Алқа сегіз бұрышты жұлдыз тәрізді, сәулелері көк түсті эмальмен боялған және екі кішірек сәулелермен бөлінген.
Жұлдыздың ортасында өзара айқасқан үш электрондық орбиталар бейнесімен дөңгелек орналасқан, дөңгелек сыртында қазақ тілінде "Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудағы зор еңбегі үшін" деген жазу бар, әріптер күңгірт бедерлі.
Алқаның келесі бетінде ағылшын тілінде "For great merits on education and science development of the Republic of Kazakhstan" деген жазуы бар, әріптері мен бейнелері жылтыр бедерлі.
Алқа балқытылған мельхиор - ақ түсті металдан жасалған.
Алқа сақина мен қапсырма шеге арқылы ұзындығы 50 мм, ені 32 мм жезден жасалған тік ұзартылған планкаға бекітілген.
Планка көгілдір, сары және көк түстері бар қатқыл лентамен қапталған. Планканың келесі бетінде төсбелгіні киімге бекітетін визорлы құлыппен түйрегіш бар.

Қолданыстағы