О внесении изменений и дополнения в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 20 ноября 2007 года № 561 "Об утверждении Правил проведения промежуточного государственного контроля в организациях образования"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 20 ноября 2007 года № 561 "Об утверждении Правил проведения промежуточного государственного контроля в организациях образования"
- Атауы (қаз.)
- "Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 561 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 553
- Қабылданған күні
- 30.11.2009
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2011 AI49521_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005972_
- ЭКБ идентификаторы
- 49521
- Редакция идентификаторы
- AI49521_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:53
0 "Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 561 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 561 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5033 болып тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтарда № 4 (1230) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу ережесінде (әрі қарай - Ереже):
Ереже атауының мемлекеттік тілдегі мәтінінде «ұйымдастыру және» деген сөздері алып тасталынсын;
мемлекеттік тілдегі мәтіннің 7-тармағында «білім департаменттері» деген сөздер «, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
«облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім департаменті директорының» деген сөздер «облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармасы бастығының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Мемлекеттік комиссияның жұмысы туралы ережені Министрлік бекітеді.» деген сөйлем алып тасталынсын;
9-тармақтағы «Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы» деген сөздер «Ұлттық тестілеу орталығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бүкіл мәтін бойынша «БТМСҰ0» аббревиатурасы «ҰТО» аббревиатурасымен ауыстырылсын;
17-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары жыл сайын есептік кезеңнен кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін білім беру ұйымдарының кезектен тыс аттестаттау қорытындылары туралы ақпаратты Министрлікке ұсынады.».