Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата города Костаная от 20 мая 2008 года № 1350 "Об определении мест выездной торговли на весенне-осенний период"

Қаулы · № 1268 · қабылданған 29.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2008-no-1350/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата города Костаная от 20 мая 2008 года № 1350 "Об определении мест выездной торговли на весенне-осенний период" Күшін жойған Қаулы ·№ 1268 ·29.06.2009
29.09.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата города Костаная от 20 мая 2008 года № 1350 "Об определении мест выездной торговли на весенне-осенний период"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1268 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата города Костаная от 20 мая 2008 года № 1350 "Об определении мест выездной торговли на весенне-осенний период"
Атауы (қаз.)
"Көктемгі-күзгі маусымда көшпелі сауда орындарын анықтау туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 1350 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1268
Қабылданған күні
29.06.2009
Көрсетілген редакция
29.09.2009 46891_195653.kaz
Соңғы өзгеріс
29.09.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09NA000130
ЭКБ идентификаторы
46891
Редакция идентификаторы
46891_195653
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:52

0 "Көктемгі-күзгі маусымда көшпелі сауда орындарын анықтау туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 1350 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 4)-тармақшасына және 2-тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 27-баптарына, "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысының 120-тармағына сәйкес, ішкі нарықты өніммен молықтыру және тұтыну базарларда бағаларды тұрақтандыру мақсатында, сондай-ақ Қостанай қаласының аумағында сауда қызметін көктемгі-күзгі маусымда реттеу мақсатында, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Көктемгі-күзгі маусымда көшпелі сауда орындарын анықтау туралы" 2008 жылғы 20 мамырдағы № 1350 қаулысына (9-1-108 нөмірі бойынша нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімнің тізілімде тіркелген, 2008 жылғы 3 шілдедегі "Қостанай" газетінде жарияланды) мына толықтырулар енгізілсін:

1-қосымша мына мазмұндағы пункттермен толықтырылсын:
"63. 7 шағын аудан, № 15 үйдің сол жағы;
64. 5 шағын аудан, № 9 үйдің сол жағы,
65. Волынов көшесі, № 13 үйдің фасады;
66. Гоголь көшесі, "Бородинский" дүкенінің ауданы;
67. Садовая, 11 көшесі, "Ыстық нан" дүкенінің ауданы;
68. Воинов-Интернационалистер көшесі, 4а үйінің қасбеті;
69. Дулатов және Победа көшелерінің қиылысы, сквер ауданы;
70. Амангелді поселкесі, "Ритм" дүкеннің ауданы;
71. Әл-Фараби даңғылы, "Радуга" дүкеннің қасбеті;
72. Герцен көшесі, 36, "Оазис" дүкеннің маңында;
73. Курганская көшесі, "Любимая Ева" дүкеннің қасбеті;"
осы қаулының 1-тармағы мына мазмұндағы 5-тармақпен "5) ауыл аймақтарынан жеткізілетін жұмыртқа және сүт өнімдерін іске асыру үшін, 4-1) қосымшаға сәйкес" толықтырылсын;
"Автомашиналардан, сөрелерден, шатырлардан көктемгі-күзгі маусымда ауыл аймақтардан жеткізілетін жұмыртқа және сүт өнімдерін көшпелі сатуды жүзеге асыру үшін орындардың тізбесі" 4-1 қосымшасымен толықтырылсын (қосымшаға сәйкес).

2 2. "Көктемгі-күзгі маусымда көшпелі ауда орындарын анықтау туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 1350 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 19 мамырдағы № 953 қаулысының күші жойылсын.

3 3. Осы қаулы, оны алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң, қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемеге жүктелсін.

КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
агроөнеркәсіп кешенінде
Мемлекеттік инспекциясы
комитетінің Қостанай қалалық
аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы (келісім бойынша)
__________________ Т. Иманбаев
"Қостанай қаласы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
(келісім бойынша)
__________________ Б. Қитаров

5 Қостанай қаласы әкімдігінің

2009 жылғы 29 маусымдағы
№ 1268 қаулысына қосымша
Қостанай қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 20 мамырдағы
№ 1350 қаулысына 4-1 қосымша
Автомашиналардан, сөрелерден, шатырлардан көктемгі-күзгі маусымда ауыл аймақтардан жеткізілетін жұмыртқа және сүт өнімдерін көшпелі сатуды жүзеге асыру үшін орындардың
тізбесі:

1 1. "№ 25" дүкені ауданы;

2 2. "Мереке" дүкені ауданы;

3 3. Әл-Фараби даңғылы, "Колос" дүкені ауданы;

4 4. Жастар көшесі, 8 және 9 шағын ауданы;

5 5. В. Интернационалистер көшесі, "№ 15" дүкені ауданында, № 4а

үйдің қасында;

6 6. Победа көшесі, "Отау Сауда" орталық базар ауданы;

7 7. Қайырбеков көшесі, "Рассвет" дүкені ауданы;

8 8. Текстильщиков көшесі, № 18 үйдің қасында.

Қолданыстағы