Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Мангистауской области от 20 марта 2008 года № 181 "Об установлении водоохранных зон и полос в городах Актау, Форт-Шевченко, селе Курык и в зоне отдыха Кендерли"

Қаулы · № 2788 · қабылданған 14.10.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2008-no-181-ekb-48226/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Мангистауской области от 20 марта 2008 года № 181 "Об установлении водоохранных зон и полос в городах Актау, Форт-Шевченко, селе Курык и в зоне отдыха Кендерли" Күшін жойған Қаулы ·№ 2788 ·14.10.2009
24.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Мангистауской области от 20 марта 2008 года № 181 "Об установлении водоохранных зон и полос в городах Актау, Форт-Шевченко, селе Курык и в зоне отдыха Кендерли"

Күшін жойған Қаулы ·№ 2788 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Мангистауской области от 20 марта 2008 года № 181 "Об установлении водоохранных зон и полос в городах Актау, Форт-Шевченко, селе Курык и в зоне отдыха Кендерли"
Атауы (қаз.)
"Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2788
Қабылданған күні
14.10.2009
Көрсетілген редакция
24.08.2023 48226_726708.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09M0002057
ЭКБ идентификаторы
48226
Редакция идентификаторы
48226_726708
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:17

0 "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ақтау, Форт - Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесiмдердi мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2009 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2008 жылғы 13 мамырда № 73 жарияланған, «Ақтау, Форт - Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 2631 қаулысымен толықтыру енгізілген, нормативтік құқықтық кесiмдердi мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2040 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2009 жылғы 7 ақпанда № 22 (7457) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 - қосымшасында:
2 - тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
Ерекше бағалы балық шаруашылығы маңызы бар Форт - Шевченко, Құрық ауылы аумағындағы және Кендірлі демалыс аймағындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, бекітілген жобалық құжаттама негізіндегі Түпқараған ауданының Аташ, Баутино қойнауындағы теңіздік мұнай операциялары базасының төгінді алаңындағы ұзындығы 1,12 км Каспий теңізінің жағалауындағы су қорғау белдеуінен басқа, жерінің еңістігі мен іргелес жатқан сипатына қарамастан, кемінде 100 метр қабылданады.
2 - тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «Түпқараған ауданының Аташ, Баутино қойнауындағы мұнай операциялары базасының төгінді алаңындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау аймағының шекарасы, Аташ базасының шекарасындағы жақтаумен қосылады және Каспий теңізінің су қорғау белдеуінің әрекет үстіндегі шекарасының басымен иіліп қосылады.».

2. Түпқараған ауданының әкімі (С.Ө. Трұмов) енгізілген өзгеріс пен толықтыруды есепке ала отырып, Аташ теңіздік мұнай операциялары базасының төгінді алаңының су қорғау белдеулерінің шекараларын нақты түріне көшіруді, жерді-есепке алу құжаттамасына өзгеріс енгізуді жүзеге асырсын және осынау жұмыстардың жүргізілуіне тұрақты бақылауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ. Боқановқа жүктелсін.

4. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару Агенттігінің
Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша
өңіраралық жер инспекциясы бастығының м.а.
М.Қ. Жексенов
14 қазан 2009 жыл
Маңғыстау облысы табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу
басқармасының бастығы
М.М. Жүнбасов
14 қазан 2009 жыл
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Жайық - Каспий
бассейіндік инспекциясының бастығы
Б.О. Қуанов
14 қазан 2009 жыл
Жайық-Каспий экология департаменті
Маңғыстау облыстық филиалының бастығы
Ы.Н. Ноғаев
14 қазан 2009 жыл
Маңғыстау облысы жер қатынастары
басқармасы бастығының м.а.
Қ. С. Оразбаев
14 қазан 2009 жыл
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша
департаментінің бастығы
Б.Б. Өтесінов
14 қазан 2009 жыл

Қолданыстағы