Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 20 марта 2008 года № 181 "Об установлении водоохранных зон и полос в городах Актау, Форт-Шевченко, селе Курык и в зоне отдыха Кендерли"

Қаулы · № 237 · қабылданған 22.06.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2008-no-181-ekb-53371/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 20 марта 2008 года № 181 "Об установлении водоохранных зон и полос в городах Актау, Форт-Шевченко, селе Курык и в зоне отдыха Кендерли" Күшін жойған Қаулы ·№ 237 ·22.06.2010
24.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 20 марта 2008 года № 181 "Об установлении водоохранных зон и полос в городах Актау, Форт-Шевченко, селе Курык и в зоне отдыха Кендерли"

Күшін жойған Қаулы ·№ 237 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 20 марта 2008 года № 181 "Об установлении водоохранных зон и полос в городах Актау, Форт-Шевченко, селе Курык и в зоне отдыха Кендерли"
Атауы (қаз.)
"Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
237
Қабылданған күні
22.06.2010
Көрсетілген редакция
24.08.2023 53371_726724.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10M0002073
ЭКБ идентификаторы
53371
Редакция идентификаторы
53371_726724
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:56

0 "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ақтау, Форт - Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2009 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2008 жылғы 13 мамырдағы № 73 жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 - қосымшасында:
2 - тармақ мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
Ерекше бағалы балық шаруашылығы үшін маңызы бар Форт-Шевченко қаласы, Құрық ауылы аумағының және Кендірлі демалыс аймағындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, бекітілген жобалық құжаттама негізіндегі теңіз мұнай кен орындарын жайластыруға арналған металл құрылымдары зауытын орналастыру үшін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылы ауданында Түпқараған бұғазының Шығыс жағалауындағы төгінді өндірістік алаңындағы ұзындығы 1,369 км және Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылындағы теңіздік мұнай операцияларын қолдау базасының төгінді алаңындағы 1,61 км Каспий теңізі жағалауындағы су қорғау белдеулерінен басқа жерлердің еңістігі мен іргелес жатқан сипатына қарамастан, кемінде 100 метр болып қабылданады.
Теңіз мұнай кен орындарын жайластыруға арналған металл құрылымдары зауытын орналастыру үшін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылы ауданында Түпқараған бұғазының Шығыс жағалауындағы төгінді өндірістік алаңындағы теңіз учаскелеріне арналған су қорғау белдеулерінің шекарасы, айлақ қабырғалары жағынан Каспий теңізінің орташа деңгейінен 35 метр, солтүстік және оңтүстік жағынан 20 метр болып белгіленеді және Каспий теңізінің су қорғау белдеуінің қазіргі шекарасымен тік бұрышта қосылады.
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылындағы Теңіз мұнай операцияларын қолдау төгінді базасындағы теңіз учаскелеріне арналған су қорғау белдеулерінің шекарасы, айлақ қабырғасына қарсы беттегі шекарасы мен жақтауы бойынша, база алаңының шекарасында және Каспий теңізінің орташа деңгейінен 10 метр қашықтықта жақтауы бойынша қаптал жақ құламаларының бойымен белгіленеді және Каспий теңізінің су қорғау белдеуінің қазіргі шекарасымен қосылады.

2. Түпқараған ауданының әкімі (С.Ө. Трұмов):

енгізілген толықтыруларды есепке алып, теңіз мұнай кен орындарын жайластыруға арналған металл құрылымдары зауытын орналастыру үшін Баутино кенті ауданында Түпқараған бұғазының Шығыс жағалауындағы және теңіздік мұнай операцияларын қолдау базасының төгінді алаңдарының су қорғау белдеулерін табиғи түріне ауыстыруды жүзеге асырсын;
жер - есепке алу құжаттамасына өзгерістер енгізсін;
осы жұмыстардың жүргізілуіне тұрақты бақылауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Жүнбасовқа жүктелсін.

4. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы