Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 20 марта 2008 года № 181 "Об установлении водоохранных зон и полос в городах Актау, Форт-Шевченко, селе Курык и в зоне отдыха Кендерли"

Қаулы · № 331 · қабылданған 03.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2008-no-181-ekb-54448/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 20 марта 2008 года № 181 "Об установлении водоохранных зон и полос в городах Актау, Форт-Шевченко, селе Курык и в зоне отдыха Кендерли" Күшін жойған Қаулы ·№ 331 ·03.09.2010
24.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 20 марта 2008 года № 181 "Об установлении водоохранных зон и полос в городах Актау, Форт-Шевченко, селе Курык и в зоне отдыха Кендерли"

Күшін жойған Қаулы ·№ 331 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 20 марта 2008 года № 181 "Об установлении водоохранных зон и полос в городах Актау, Форт-Шевченко, селе Курык и в зоне отдыха Кендерли"
Атауы (қаз.)
"Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
331
Қабылданған күні
03.09.2010
Көрсетілген редакция
24.08.2023 54448_726718.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10M0002083
ЭКБ идентификаторы
54448
Редакция идентификаторы
54448_726718
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:27

0 "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ақтау, Форт - Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2009 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2008 жылғы 13 мамырдағы № 73 жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 - қосымшасында:
2 - тармақ мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
Ерекше бағалы балық шаруашылығы үшін маңызы бар Ақтау, Форт-Шевченко қалалары, Құрық ауылы аумағының және Кендірлі демалыс аймағындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, бекітілген жобалық құжаттама негізіндегі бұрғылау ерітінділері цехын, теңіздік мұнай операцияларын қолдау базасын орналастыруға Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылы ауданындағы Түпқараған бұғазының солтүстік-батыс жағалауының солтүстік, оңтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс бағытына биіктігі 50 см жиекқабырға жайғастырылған жағалық бекітпе имараты құрылысымен бекітілген, теңіздің жағалау жиегімен түйісетін және биіктігі 50 см жиекқабырға мен кеме тоқтайтын қабырғасы бар, бұрғылау ерітінділері цехының төгінді түрде жасалған жасанды өндірістік алаңындағы ұзындығы 4,075 км Каспий теңізі жағалауындағы су қорғау белдеуінен басқа, іргелес жердің еңістігі мен сипатына қарамастан, кемінде 100 метр қабылданады
Цех алаңының шекарасындағы, бұрғылау ерітінділері цехының өндірістік алаңы мен теңіз жағалауының жағалау жиегі ауданындағы теңіздің табиғи жағалау жиегінен 100 метр қашықтықта өтетін су қорғау белдеуінің әрекет үстіндегі шекарасы, теңіздің соңғы онжылдықта минус 27,0 метрге тең, орта - көпжылдық деңгейі белгісінен ені 35,0 метр болып белгіленген, цех алаңының солтүстік, оңтүстік, шығыс және оңтүстік - шығыс бағыттағы шекарасынан, цехтың өндірістік алаңының және жағалаулық бекітпе имаратының жиекқабырғасымен түйісетін су қорғау белдеуінің шекарасымен ауыстырылсын.

2. Түпқараған ауданының әкімі (С.Ө. Трұмов):

енгізілген толықтыруларды есепке алып, теңіз мұнай кен орындарын жайластыруға арналған бұрғылау ерітінділері цехын орналастыру үшін Баутино кенті ауданында Түпқараған бұғазының солтүстік - батыс жағалауындағы және теңіздік мұнай операцияларын қолдау базасының төгінді алаңдарының су қорғау белдеулерін табиғи түріне ауыстыруды жүзеге асырсын
жер - есепке алу құжаттамасына өзгерістер енгізсін;
осы жұмыстардың жүргізілуіне тұрақты бақылауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Жүнбасовқа жүктелсін.

4. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Жайық-Каспий экология департаментінің
Маңғыстау облыстық филиалы бастығының м.а.
Б.М. Ниязов
03 қыркүйек 2010 жыл
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігінің Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Маңғыстау облысы бойынша
департаментінің директоры
Б.Б. Өтесінов
03 қыркүйек 2010 жыл
Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару агенттігінің
Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша
өңіраралық жер инспекциясының бастығы
Ғ.Е. Сүлейменов
03 қыркүйек 2010 жыл
Маңғыстау облысының жер қатынастары
басқармасы бастығының м.а.
Қ.С. Оразбаев
03 қыркүйек 2010 жыл
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу
басқармасының бастығы
Ж. Албытов
03 қыркүйек 2010 жыл
Маңғыстау облысының энергетика және
коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы
С.Х. Аманбеков
03 қыркүйек 2010 жыл
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және
қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік
инспекциясының бастығы
Б.О. Қуанов
03 қыркүйек 2010 жыл

Қолданыстағы