Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Мангистауской области от 20 марта 2008 года № 181 "Об установлении водоохранных зон и полос в городах Актау, Форт-Шевченко, селе Курык и в зоне отдыха Кендерли"

Қаулы · № 390 · қабылданған 10.11.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2008-no-181-ekb-55512/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Мангистауской области от 20 марта 2008 года № 181 "Об установлении водоохранных зон и полос в городах Актау, Форт-Шевченко, селе Курык и в зоне отдыха Кендерли" Күшін жойған Қаулы ·№ 390 ·10.11.2010
24.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Мангистауской области от 20 марта 2008 года № 181 "Об установлении водоохранных зон и полос в городах Актау, Форт-Шевченко, селе Курык и в зоне отдыха Кендерли"

Күшін жойған Қаулы ·№ 390 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Мангистауской области от 20 марта 2008 года № 181 "Об установлении водоохранных зон и полос в городах Актау, Форт-Шевченко, селе Курык и в зоне отдыха Кендерли"
Атауы (қаз.)
"Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
390
Қабылданған күні
10.11.2010
Көрсетілген редакция
24.08.2023 55512_726720.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10M0002087
ЭКБ идентификаторы
55512
Редакция идентификаторы
55512_726720
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:58

0 "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ақтау, Форт - Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2009 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2008 жылғы 13 мамырдағы № 73 жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 - қосымшасында:
1 - тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;
2 - тармақ мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
Ерекше бағалы балық шаруашылығы үшін маңызы бар Ақтау, Форт - Шевченко қалалары, Құрық ауылы аумағының және Кендірлі демалыс аймағындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, іргелес жердің еңістігі мен сипатына қарамастан, кемінде 100 метр қабылданады, ал елді мекендерде қашықтығы Ақтау қаласы - 83,0 км (су қорғау белдеу шекарасының ауыстыру координаттарының нүктелері С (4953315; 10034132) Д (4862525; 10065137), Форт-Шевченко қаласы - 19,0 км (су қорғау белдеу шекарасының ауыстыру координаттарының нүктелері А (4994790; 9985280) В (4993680; 9981590), Құрық ауылы - 12,0 км (су қорғау белдеу шекарасының ауыстыру координаттарының нүктелері Е (4842890; 10079230) F (4838320; 10087670), Кендірлі демалыс аймағында - 7,0 км (су қорғау белдеу шекарасының ауыстыру координаттарының нүктелері Т (4795800; 10149610) U (4787830; 10157500) учаскеде, бекітілген жобалық - сметалық құжаттаманың негізінде су қорғау белдеуінің ең аз ені 35 метр тағайындалады.

2. Ақтау қаласының, Түпқараған және Қарақия аудандарының әкімдері:

Каспий теңізі жағалауындағы санамаланған учаскелердің су қорғау белдеулерінің шекарасын енгізілген өзгерістерді есепке алып, табиғи түріне ауыстыруды жүзеге асырсын;
жер - есепке алу құжаттамасына өзгерістер енгізсін;
осы жұмыстардың жүргізілуіне тұрақты бақылауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Жүнбасовқа жүктелсін.

4. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Жайық-Каспий экология департаментінің
Маңғыстау облыстық филиалының бастығы
Б.М. Ниязов
10 қараша 2010 жыл
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігінің Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Маңғыстау облысы бойынша
департаментінің директоры
Б.Б. Өтесінов
10 қараша 2010 жыл
Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару агенттігінің
Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша
өңіраралық жер инспекциясының бастығы
Г.Е. Сүлейменов
10 қараша 2010 жыл
Маңғыстау облысының жер қатынастары
басқармасының бастығы
Қ.С. Оразбаев
10 қараша 2010 жыл
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу
басқармасы бастығының м. а.
О. Ә. Тоқжанов
10 қараша 2010 жыл
Маңғыстау облысының энергетика және
коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы
С.Х. Аманбеков
10 қараша 2010 жыл
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және
қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік
инспекциясының бастығы
Б.О. Қуанов
10 қараша 2010 жыл
КЕЛІСІЛДІ:
М.М.Жүнбасов
Е.Е.Серікбаев
Қ.А.Нышанбаев
А. Әбдешұлы

Қолданыстағы