Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение от 20 июня 2008 года № 8/71-IV "Об утверждении Правил благоустройства города Семей"

Ереже · № 16/129-IV · қабылданған 31.03.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2008-no-871-iv/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение от 20 июня 2008 года № 8/71-IV "Об утверждении Правил благоустройства города Семей" Күшін жойған Ереже ·№ 16/129-IV ·31.03.2009
15.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение от 20 июня 2008 года № 8/71-IV "Об утверждении Правил благоустройства города Семей"

Күшін жойған Ереже ·№ 16/129-IV · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение от 20 июня 2008 года № 8/71-IV "Об утверждении Правил благоустройства города Семей"
Атауы (қаз.)
2008 жылғы 20 маусымдағы № 8/71-IV "Семей қаласын көркейту қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16/129-IV
Қабылданған күні
31.03.2009
Көрсетілген редакция
15.05.2012 AI45071_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VB000108
ЭКБ идентификаторы
45071
Редакция идентификаторы
AI45071_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:29

0 2008 жылғы 20 маусымдағы № 8/71-IV "Семей қаласын көркейту қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3-бабы 2-тармағының және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасының негізінде Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. 2008 жылғы 20 маусымдағы № 8/71-IV «Семей қаласын көркейту Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2008 жылғы 28 шілдедегі № 5-2-92 болып тіркелген, 2008 жылғы 7 тамыздағы № 32 «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінде жарияланған) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
4-тармақта «алғашқы ресми жарияланған күннен бастап» сөздері «алғаш ресми жарияланғаннан кейін» сөздеріне ауыстырылсын.
Семей қаласын көркейту Қағидасында:
1-тармақта «санитарлық тазарту, тазалауды ұйымдастыру, аумақтың тазалығын қамтамасыз ету» сөзі алынып тасталсын;
4-тармақтың 9) тармақшадағы «және санитарлық тазарту» сөздері алынып тасталсын;
52-тармақта «тыйым салынады» сөзі «жол берілмейді» сөзіне ауыстырылсын;
57-тармақта «урналар орнату міндетті» сөзі «урналар орнатылады» сөзімен ауыстырылсын;
60-тармақта «орындауы керек» сөзі «рәсімделеді» сөзімен ауыстырылсын;

62 62-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

62

«62. Кідіртуге болмайтын, жол жабындарын ашу, көшелерді, алаңдарды және жалпы қолданыстағы басқа орындарды қазуды қалпына келтіруді қажет ететін инженерлік желілердің апаты кезінде осы орынға уәкілетті органның өкілдерін шақыру керек. Жұмыс өндірісін бастауға тек жұмыс өндірісіне рұқсат алғаннан кейін ғана жіберіледі. Заңды және жеке тұлғалар меншік нысанына қарамастан, апаттың бөгетсіз жоюын қамтамасыз ету үшін апатты жұмыстар өндірісі орнындағы қандай да бір жиналған мүлік немесе материалдары бар учаскілерді босатуға көмектесулері қажет.
Қаланың негізгі маңызды нысандарының тіршілігін қамтамасыз ету үшін, шұғыл түрде апатты жоюды қажет ететін уәкілетті орган өкілінің қатысуымен, рұқсатты рәсімдемеусіз апатты жоюға кірісуге жіберіледі, артынан 24 сағат ішінде жұмыс өндірісіне рұқсатты рәсімдеуі керек.»;

63 63-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

63

«63. Құрылыс немесе инженерлік желілерді, жолдарды, жаяужолдарды және қала шаруашылығындағы басқа да элементтерді қайта құру бойынша жұмыс жоспарлаған заңды және жеке тұлғалар, осы жөнінде уәкілетті органға жоспарланған жылдың алдыңғы жылында 15 қарашаға дейін және қайталанба түрде жоспарланған жылдың 1 наурызына дейін қажетті сызбалардың қосымшаларымен жұмыс өндірісінің мерзімін көрсете отырып, уәкілетті органға тапсырыс береді.»;

66 66-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

66 «66. Қала шаруашылығының элементі, объекті рұқсатта көрсетілген жұмыс мерзімінің аяқталуына дейін қажетті жағдайға келтіруі керек. Мерзімі өткен рұқсат бойынша атқарылған жұмыстар өз еркімен қазған деп есептеледі.»;

91-тармақта «орындаулары қажет» сөздері «орындайды» сөзімен ауыстырылсын;
92-тармақта:

1 1) тармақшадағы «(бояу, әр түрлі материалдармен қаптау және басқалар)» сөздері «(ғимараттың сәулеттік келбетіне сәйкес)» сөздерімен ауыстырылсын;

4 4) тармақшадағы «және басқаларды» сөздері алынып тасталсын;

5 5) тармақшадағы «және басқалар» сөздері алынып тасталсын, «жаяужолдарды және жасыл желектерді құру» сөздерімен толықтырылсын;

95-тармақта «су өткізбейтін» сөзі «асфальтты бетонды» сөзімен ауыстырылсын;
101-тармақта:

9 9) тармақшадағы «және басқа бөлінбеген жерлерге» сөздері «,аялдама павильондарында, бетонды және темір қоршауларда» сөздерімен ауыстырылсын;

10 10) тармақшадағы «қоқыстар мен жапырақтар» сөздері «ҚТҚ, түскен жапырақтар, кесілген бұтақтар» сөздерімен ауыстырылсын;

26 26) тармақшадағы «жасыл желектер аумағында:» сөздері «жасыл желегі бар орындарда (көгалдар, ағаштар, гүлзарлар):» сөздерімен ауыстырылсын;

26 26) тармақшаның алтыншы азат жолындағы «және тағы басқаларды» сөздері «жарнамалық тақталарды және көрсеткіштерді, қоршауларды» сөздерімен ауыстырылсын;

26 26) тармақшаның тоғызыншы азат жолы «жалпы қолданыстағы жерлердегі (жаяужолдар, жүргін бөлігі, жасыл аумақ) сөздерімен толықтырылсын»;

102-тармағы 3) тармақшасымен келесі мазмұнда толықтырылсын:

3 «3) Объектілерді салу сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдар».

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы