Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение акима села Курык от 20 августа 2008 года № 91 "О присвоении наименования территории подготовленные для строительства нового жилья села Курык"

Өзге акт · № 541 · қабылданған 05.12.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2008-no-91/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение акима села Курык от 20 августа 2008 года № 91 "О присвоении наименования территории подготовленные для строительства нового жилья села Курык" Қолданыста Өзге акт ·№ 541 ·05.12.2016
03.12.2020 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение акима села Курык от 20 августа 2008 года № 91 "О присвоении наименования территории подготовленные для строительства нового жилья села Курык"

Қолданыста Өзге акт ·№ 541 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение акима села Курык от 20 августа 2008 года № 91 "О присвоении наименования территории подготовленные для строительства нового жилья села Курык"
Атауы (қаз.)
"Құрық селосы әкімінің 2008 жылғы 20 тамыздағы № 91 "Құрық селосы аумағынан жаңа тұрғын үй құрылысын салу үшін дайындалған жерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
541
Қабылданған күні
05.12.2016
Көрсетілген редакция
03.12.2020 109146_496051.kaz
Соңғы өзгеріс
03.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16MD003241
ЭКБ идентификаторы
109146
Редакция идентификаторы
109146_496051
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:03

0 Құрық ауылы әкімінің 2008 жылғы 20 тамыздағы № 91 «Құрық ауылы аумағынан жаңа тұрғын үй салу үшін дайындалған жерге атау беру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Құрық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Құрық ауылы әкімінің 2008 жылғы 20 тамыздағы № 91 «Құрық ауылы аумағынан жаңа тұрғын үй салу үшін дайындалған жерге атау беру туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-4-65 болып тіркелген, 2008 жылғы 16 қыркүйектегі «Қарақия» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің:
1) тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Құрық ауылы аумағынан жаңа тұрғын үй құрылысын салу үшін дайындалған жерге атау беру туралы»;
2) кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына және ауыл тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Құрық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
3) 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін Құрық – Ералиев станциясы автокөлік жолының батыс жағында орналасқан жерге «Маңғыстау» атауы берілсін.»;
4) 2 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Құрық ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (М.Арқалықов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.»;
5) 3 тармақпен толықтырылсын:
«Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы