О внесении изменений в решение акима Журынского сельского округа от 20 ноября 2008 года №16 "О даче названии улицы села №53 "Талдысай" Журынского сельского округа Мугалжарского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Журынского сельского округа от 20 ноября 2008 года №16 "О даче названии улицы села №53 "Талдысай" Журынского сельского округа Мугалжарского района"
- Атауы (қаз.)
- Жұрын ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы №16 "Жұрын ауылдық округіне қарасты №53 Талдысай разъезінің көшесіне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 09.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 09.02.2015 87496_6475.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CII04231
- ЭКБ идентификаторы
- 87496
- Редакция идентификаторы
- 87496_6475
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:44
0 Жұрын ауылдық округі әкімінің
2008 жылғы 20 қарашадағы № 16
«Жұрын ауылдық округіне қарасты
№ 53 Талдысай разъезінің көшесіне
атау беру туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына сәйкес Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Жұрын ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы № 16 «Жұрын ауылдық округіне қарасты № 53 Талдысай разъезінің көшесіне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-79 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 желтоқсанда аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Жұрын ауылдық округінің № 53 Талдысай разъезінің көшесіне атау беру туралы»;
орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағындағы «мнении», «дать название» сөздері «мнения», «присвоить наименование» сөздерімен ауыстырылсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің 1 тармағындағы «Жұрын ауылдық округіне қарасты» сөздері алынып тасталсын;
көрсетілген шешімнің 2 және 3 тармақтары келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«2. «Теміржолшылар» көшесіне № 53 Талдысай разъезінде орналасқан барлық үйлер жатады.»;
«3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».