О внесении изменения и дополнений в постановление акимата от 20 января 2009 года "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в аульной (сельской) местности и имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки, за счет средств областного бюджета"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление акимата от 20 января 2009 года "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в аульной (сельской) местности и имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки, за счет средств областного бюджета"
- Атауы (қаз.)
- "Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 20 қантардағы № 45 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 209
- Қабылданған күні
- 01.06.2010
- Көрсетілген редакция
- 19.02.2016 53376_60163.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10N0003724
- ЭКБ идентификаторы
- 53376
- Редакция идентификаторы
- 53376_60163
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:04
0
"Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 20 қантардағы № 45 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына және "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 3 қарашадағы № 323-б бұйрығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3670 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 18 ақпанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбында, 1-тармағында және көрсетілген қаулы қосымшасының тақырыбында "алуға құқығы бар" сөздері "белгіленетін" сөзімен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасында:
"Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары" 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27)-тармақшалармен толықтырылсын:
"8) медициналық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары;
9) аудармашы (мемлекеттік тілді білуі);
10) заңгер;
11) кітапханашы (кітапхана болған жағдайда);
12) аға мейірбике;
13) дәріхана меңгерушісі;
14) дезинфектор;
15) акушер, фельдшер;
16) физиокабинет мейірбикесі (10 мың шартты ем-шаралық бірлікке);
17) емдеу-дене шынықтыру инструкторы (кабинет болған жағдайда);
18) дефектолог мұғалім (сынып болған жағдайда);
19) психолог;
20) музыкалық жетекші (кабинет болған жағдайда);
21) еңбек жөніндегі инструктор;
22) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
23) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
24) фармацевт;
25) логопед;
26) әдіскер;
27) медициналық бөлімшенің меңгерушісі.".
2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай облысы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы" ММ бастығы
_____________ М. Щеглова
"Қостанай облысы әкімдігінің
жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы" ММ бастығы
______________ Ш. Жакиятова