Құжат мәтініне өту

Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение о Правилах определения страны происхождения товаров в Содружестве Независимых Государств от 20 ноября 2009 года

Қаулы · № 1503 · қабылданған 31.12.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2009-ekb-76496/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение о Правилах определения страны происхождения товаров в Содружестве Независимых Государств от 20 ноября 2009 года Қолданыста Қаулы ·№ 1503 ·31.12.2013
31.12.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение о Правилах определения страны происхождения товаров в Содружестве Независимых Государств от 20 ноября 2009 года

Қолданыста Қаулы ·№ 1503 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение о Правилах определения страны происхождения товаров в Содружестве Независимых Государств от 20 ноября 2009 года
Атауы (қаз.)
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1503
Қабылданған күні
31.12.2013
Көрсетілген редакция
31.12.2013 AI76496_0.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300001503
ЭКБ идентификаторы
76496
Редакция идентификаторы
AI76496_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:10

0 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған 2012 жылғы 28 қыркүйекте Ялта қаласында жасалған 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1503 қаулысымен
бекітілген
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Тауар орын алған елден шыққан деп есептелетін орындалған шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесіне (2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне 1-қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1. «1501 00-ден» деген СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:

«
1501-ден
Сүй­ек майы неме­се қал­дық­тар­дан алын­ған тоң май­лар
0203, 0206 неме­се 0207 неме­се 0506 по­зи­ци­я­лар ма­те­ри­ал­да­рын қо­с­па­ған­да, кез кел­ген по­зи­ция ма­те­ри­ал­да­ры­нан дай­ын­дау;
шош­қа еті­нен неме­се 0203 неме­се 0206 по­зи­ци­я­ла­ры­ның қо­сым­ша өнім­де­рі­нен неме­се ет­тен не 0207 по­зи­ци­я­сы­ның құс еті­нің қо­сым­ша өнім­де­рі­нен дай­ын­дау
»;

2 2. «1502 00-ден» деген СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:

«
1502-ден
Сүй­ек тоң майы неме­се қал­дық­тар­дан алын­ған тоң май
0201, 0202, 0204 неме­се 0206 неме­се 0506 по­зи­ци­я­ла­ры­ның ма­те­ри­ал­да­рын қо­с­па­ған­да, кез кел­ген по­зи­ци­я­лар­дың ма­те­ри­ал­да­ры­нан дай­ын­дау
»;

3 3. «2403 10» деген СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:

«
2403 11 000, 2403 19
Құ­ра­мын­да кез кел­ген үле­сте те­ме­кі ал­ма­стыр­ғы­шта­ры бар неме­се жоқ ше­гу­ге ар­нал­ған те­ме­кі
Кез кел­ген по­зи­ци­я­лар­дың ма­те­ри­ал­да­ры­нан дай­ын­дау. Алай­да, 2403 по­зи­ци­я­сы­ның пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­да­ры­ның құ­ны түп­кі­лік­ті өнім ба­ға­сы­ның 50 %-ынан ас­па­у­ға ти­іс
»;

4 4. «2932 99 700» деген СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:

«
2932 99 000-ден
Бас­қа құ­ра­мын­да от­те­гі бар функ­ци­о­нал­дық топ­ты қам­ти­тын неме­се қам­ты­май­тын өзге де цик­л­дік аце­та­ли­лер және іш­кі ге­ми­аце­та­ли­лер, және олар­дың га­ло­ген­ден­ген, суль­фир­лен­ген, нит­ро­лен­ген және нит­ро­зир­лен­ген туын­ды­ла­ры
Кез кел­ген по­зи­ци­я­лар­дың ма­те­ри­ал­да­ры­нан, оның ішін­де 2932 по­зи­ци­я­сы­ның бас­қа да ма­те­ри­ал­да­ры­нан дай­ын­дау
»;

5 5. «2932 99 850-ден» СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:

«
2932 99 000-ден
Қа­ра­пай­ым іш­кі эфир­лер
Кез кел­ген по­зи­ци­я­лар­дың ма­те­ри­ал­да­ры­нан дай­ын­дау. Алай­да, 2909 по­зи­ци­я­сы­ның пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­да­ры­ның құ­ны түп­кі­лік­ті өнім ба­ға­сы­ның 50 %-ынан ас­па­у­ға ти­іс
»;
6 «3920 10 270-тен» деген СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3920 10 250-нен
Қа­лыңды­ғы 0,125 мм-ден ас­пай­тын по­ли­эти­лен­нен жа­сал­ған үлес сал­ма­ғы кем де­ген­де 0,94, орам­дар­да са­лын­ған су­ре­ті және жа­зы­л­ған мәті­ні бар плен­ка және бел­дік­тер неме­се лен­та­лар
Кез кел­ген по­зи­ци­я­лар­дың ма­те­ри­ал­да­ры­нан дай­ын­дау. Алай­да дай­ын өнім­ді­кін­дей по­зи­ци­я­ның пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар­дың ба­ға­сы түп­кі­лік­ті өнім ба­ға­сы­ның 50 %-ынан ас­па­у­ға ти­іс
»;

7 7. «4017 00» деген СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:

«
4017 00 000
Бар­лық ны­сан­дар­да­ғы қат­ты ре­зең­ке (мы­са­лы, эбо­нит), қал­дық­тар мен сы­нық­тар­ды қо­са ал­ған­да; қат­ты ре­зең­ке­ден жа­сал­ған бұй­ым­дар
Қат­ты ре­зең­ке­ден дай­ын­дау
»;

8 8. «6803 00-ден» деген СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:

«
6803 00 000-ден
Та­би­ғи тақ­та­та­стан неме­се аг­ло­ме­ра­ци­я­лан­ған тақ­та­та­стан жа­сал­ған бұй­ым­дар
Өң­дел­ген тақ­та­та­стан дай­ын­дау
»;

9 9. «8608 00» СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:

«
8608 00 000
Те­мір­жол және трам­вай жол­да­ры­на ар­нал­ған жол жаб­дық­та­ры мен құ­ры­л­ғы­ла­ры; ме­ха­ни­ка­лық (электр­ме­ха­ни­ка­лық­ты қо­са ал­ған­да) сиг­нал бе­ру жаб­дық­та­ры, те­мір­жол­дар­да, трам­вай жол­дар­да, ав­то­мо­биль жол­да­рын­да, іш­кі су жол­да­рын­да, кө­лік тұ­рақ­та­рын­да, ке­ме­жай­лар­да неме­се әу­е­ай­лақ­тар­да қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету неме­се қоз­ға­лы­сты бас­қа­ру құ­ры­л­ғы­ла­ры; атал­ған құ­ры­л­ғы­лар­дың және жаб­дық­тар­дың бө­лік­те­рі
Олар­ды дай­ын­дау ке­зін­де бар­лық пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар­дың құ­ны соң­ғы өнім ба­ға­сы­нан 50 %-нан ас­па­уы ти­іс. Жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген шек­те өнім си­яқ­ты по­зи­ци­яда жік­те­ле­тін ма­те­ри­ал­дар түп­кі­лік­ті өнім ба­ға­сы­ның 5 %-ы ше­гін­де­гі со­ма­ға дей­ін пай­да­ла­ны­луы мүм­кін
».

2 2-бап

Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 60 күн өткен соң уақытша қолданылады және депозитарий оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2012 жылғы 28 қыркүйекте Ялта қаласында бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Түпнұсқа данасы осы Хаттамаға қол қойған әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.
Әзер­бай­жан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Үкі­ме­ті үшін
Пре­мьер-Ми­ни­стр­дің бі­рін­ші
орын­ба­са­ры
Я. Эю­бов
қо­сым­ша тү­сі­нік­пен
Ар­ме­ния Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Үкі­ме­ті үшін
Т. Сар­ки­сян
қо­сым­ша тү­сі­нік­пен
Бе­ла­русь Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Үкі­ме­ті үшін
М. Мяс­ни­ко­вич
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Үкі­ме­ті үшін
Пре­мьер-Ми­ни­стр­дің
орын­ба­са­ры
Қ. Ке­лім­бе­тов
Қыр­ғыз Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Үкі­ме­ті үшін
Ж. Са­ты­бал­ди­ев
Мол­до­ва Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Үкі­ме­ті үшін
В. Фи­лат
Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы­ның
Үкі­ме­ті үшін
Д. Мед­ве­дев
Тә­жікс­тан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Үкі­ме­ті үшін
А. Аки­лов
Тү­рік­мен­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Үкі­ме­ті үшін
--------
Өзбек­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Үкі­ме­ті үшін
--------
Укра­и­на Үкі­ме­ті үшін
Н. Аза­ров
қо­сым­ша тү­сі­нік­пен
Әзербайжан Республикасының ҚОСЫМША ТҮСІНІГІ
Хаттаманың 2-бабының «қол қойылған күнінен бастап 60 күн өткен соң уақытша қолданылады» деген сөздерді қоспағанда.
Армения Республикасының ҚОСЫМША ТҮСІНІГІ
Армения Республикасы, осы Хаттаманың 2-бабымен белгіленген тәртіппен Армения Республикасы үшін ол күшіне енгенге дейін 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы уақытша қолданбайтын болады.
Украинаның ҚОСЫМША ТҮСІНІГІ
Қол қойылған күнінен бастап Хаттаманы уақытша қолдану туралы 2-бапты қоспағанда.
Украина 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімнің мақсаттары үшін Украина сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасын басшылыққа алу құқығын өзіне қалдырады.

Қолданыстағы