Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2009 года № 1102

Қаулы · № 899 · қабылданған 06.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2009-no-1102/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2009 года № 1102 Күшін жойған Қаулы ·№ 899 ·06.09.2010
13.06.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2009 года № 1102

Күшін жойған Қаулы ·№ 899 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2009 года № 1102
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1102 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
899
Қабылданған күні
06.09.2010
Көрсетілген редакция
13.06.2019 54334_410046.kaz
Соңғы өзгеріс
13.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000899_
ЭКБ идентификаторы
54334
Редакция идентификаторы
54334_410046
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:25

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1102 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1102 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 33, 318-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы және 1-тармақ «көрсету» деген сөзден кейін «және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесінде:
тақырыбы «көрсету» деген сөзден кейін «және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ «көрсету» деген сөзден кейін «және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 12, 13, 14-тармақтармен толықтырылсын:
«12. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуінен түсетін қаражат мемлекеттік білім беру мекемесінің тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарлары бойынша жоспарланады және пайдаланылады.
Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін мемлекеттік білім беру мекемесінің өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарларын «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген тәртіппен бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді.
13. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуінен түсетін түсімдерді пайдалану бағыттарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражаты тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны есепке алу үшін ашылған шотқа есептеледі және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген тәртіппен ресімделген және ұсынылған төлеуге берілетін шот негізінде жұмсалады.
14. Ақылы білім беру қызметтерін және өзге де қызметтерді көрсетуден түсетін қаражат ұйым басшысы айқындаған бірінші кезектегі іс-шараларды ескере отырып және міндетті түрде қамқоршылық кеңеспен келісілген, сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі ата-аналар комитеттерімен келісім бойынша қатаң түрде нысаналы мақсат бойынша жұмсалады.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы