Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 20 апреля 2009 года № 125 «Об установлении охранной зоны Иргиз-Тургайского государственного природного резервата»

Қаулы · № 192 · қабылданған 17.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2009-no-125/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 20 апреля 2009 года № 125 «Об установлении охранной зоны Иргиз-Тургайского государственного природного резервата» Қолданыста Қаулы ·№ 192 ·17.05.2019
17.05.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 20 апреля 2009 года № 125 «Об установлении охранной зоны Иргиз-Тургайского государственного природного резервата»

Қолданыста Қаулы ·№ 192 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 20 апреля 2009 года № 125 «Об установлении охранной зоны Иргиз-Тургайского государственного природного резервата»
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 125 «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваттың қорғау аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
192
Қабылданған күні
17.05.2019
Көрсетілген редакция
17.05.2019 131628_406712.kaz
Соңғы өзгеріс
17.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19C0006173
ЭКБ идентификаторы
131628
Редакция идентификаторы
131628_406712
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:53

0 Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 125 «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваттың қорғау аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 125 «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваттың қорғау аймағын белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3293 тіркелген, 2009 жылғы 2 маусымда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін;

3 3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Ақтөбе облысы әкімдігінің

2019 жылғы 17 мамырдағы
№ 192 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2009 жылғы 20 сәуірдегі № 125
қаулысына қосымша
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваттың қорғау аймағының мөлшері
Жер пайдаланушылардың атауы
Жер учаскелерінің көлемі, гектар
Нұра ауылдық округі
«Ақбота» шаруа қожалығы
805
«Көркем» шаруа қожалығы
250
«Әділет» шаруа қожалығы
804,8
«Молшылық» шаруа қожалығы
500
«Бауыржан» шаруа қожалығы
2000
Тәуіп ауылдық округі
«Сер-Мак» шаруа қожалығы
6000
«Көшекбай» шаруа қожалығы
1500
Жайсаңбай ауылдық округі
«Дархан» шаруа қожалығы
4070
«Мирас» шаруа қожалығы
400
«Азамат» шаруа қожалығы
6026
Қор жерлері:
171896,2
Барлық қорғау аймағы:
194252

Қолданыстағы