О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 20 апреля 2009 года № 127 «Об установлении водоохранных зон и полос реки Илек и ее притоков»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 20 апреля 2009 года № 127 «Об установлении водоохранных зон и полос реки Илек и ее притоков»
- Атауы (қаз.)
- «Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 127 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 536
- Қабылданған күні
- 20.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2016 108625_147507.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16C0005186
- ЭКБ идентификаторы
- 108625
- Редакция идентификаторы
- 108625_147507
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:51
0 «Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 127 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 127 «Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3294 тіркелген, 2009 жылғы 2 маусымда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11838 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2 2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С. Жұмағазиевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтөбе облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________ Н. Беркімбаева
20 желтоқсан 2016 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий
бассейндік инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесі аумақтық бөлімінің басшысы
______________________ Х. Бултеев
20 желтоқсан 2016 жыл