О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 20 июля 2009 года № 174 "Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 20 июля 2009 года № 174 "Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения"
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 20 шілдедегі № 174 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 269
- Қабылданған күні
- 25.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2014 AI69899_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12Z0003147
- ЭКБ идентификаторы
- 69899
- Редакция идентификаторы
- AI69899_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:12
0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 20 шілдедегі № 174 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 20 шілдедегі № 174 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3028 тіркелген, 2009 жылғы 6 тамыздағы "Орал өңірі" газетінің № 87 жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулының атауында және мәтінінде, аталған қаулының 2-тармағын қоспағанда, "су тоғандарының" деген сөздер "су айдындарының және (немесе) учаскелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесінде:
"Ақжайық ауданы" бөлімі төмендегідей жолдармен толықтырылсын:
"2-1. Грачи 1 өзені 10 километр;
2-2. Грачи 2 өзені 10 километр;
2-3. Дөңгелек су торабынан Пятимар су қоймасына дейінгі, Пятимар су торабынан төменгі Көшім өзенінің бөлігі 120 километр";
"Бөрлі ауданы" бөлімі төмендегідей жолмен толықтырылсын:
"6-1. Қараоба өзені 67 километр";
"Жаңақала ауданы" бөлімі төмендегідей жолмен толықтырылсын:
"14-1. Жалтыркөл көлі 320 гектар";
"Зеленов ауданы" бөлімі төмендегідей жолдармен толықтырылсын:
"25-2. Пеньковская жырасындағы Пеньковский тоғаны 12,6 гектар;
25-3. Степное су қоймасы 400 гектар";
"Сырым ауданы" бөлімі төмендегідей жолдармен толықтырылсын:
"35-1. Шолақаңқаты өзені 25 километр;
35-2. Қалдығайты өзені 120 километр";
"Теректі ауданы" бөлімі төмендегідей жолдармен толықтырылсын:
"49-1. Қарабас көлі 280 гектар;
49-2. Ащысай өзені 25 километр".