О внесении изменения в решение маслихата от 20 ноября 2009 года № 233 «О ставках платы за эмиссии в окружающую среду»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата от 20 ноября 2009 года № 233 «О ставках платы за эмиссии в окружающую среду»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы № 233 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 113
- Қабылданған күні
- 10.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 02.03.2018 110508_304896.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17N0006917
- ЭКБ идентификаторы
- 110508
- Редакция идентификаторы
- 110508_304896
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:13
0 Мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы № 233 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 5-тармағына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-тармағының 121) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2009 жылғы 20 қарашадағы № 233 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3697 тіркелген, 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Қостанай таңы» және «Костанайские новости» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» (әрі қарай - Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 495-бабымен белгіленген қоршаған орта эмиссиясы үшін төлем мөлшерлемелері Қостанай облысы бойынша Салық кодексінің 495-бабы 3-тармағымен белгіленген және 6-тармағындағы кестесінің тәртіптік нөмірі 1.3.3-жолымен белгіленген мөлшерлемелерді және күл мен күлшлактарды орналастыру үшін мөлшерлемелерді қоспағанда, бір жарым есеге көтерілсін.
Салық кодексі 495-бабының 6-тармағындағы кестесінің тәртіптік нөмірі 1.3.3-жолымен белгіленген күл мен күлшлактарды орналастыруға мөлшерлемелер екі есеге көтерілсін.».
2 2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қостанай облысы әкімдігінің
қаржы басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________________ С. Аймұхамбетова
2017 жылғы «10» ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ А. Маукұлов
2017 жылғы «10» ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қостанай облысы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________________ Е. Спанов
2017 жылғы «10» ақпан