О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2009 года № 373 "Об утверждении Правил определения суммы превышения налога на добавленную стоимость, подлежащей возврату, и критериев отнесения реализации товаров, работ, услуг, облагаемых по нулевой ставке, к постоянной реализации"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2009 года № 373 "Об утверждении Правил определения суммы превышения налога на добавленную стоимость, подлежащей возврату, и критериев отнесения реализации товаров, работ, услуг, облагаемых по нулевой ставке, к постоянной реализации"
- Атауы (қаз.)
- "Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 373 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1322
- Қабылданған күні
- 18.10.2012
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2018 68139_384497.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001322
- ЭКБ идентификаторы
- 68139
- Редакция идентификаторы
- 68139_384497
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:08
0
"Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 373 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 373 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 16, 137-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесінде:
1 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1
«1. Осы Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.»;
2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерінде:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.».