О внесении изменения в постановление акимата от 20 января 2009 года № 45 "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в аульной (сельской) местности, для которых устанавливаются повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки, за счет средств областного бюджета"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата от 20 января 2009 года № 45 "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в аульной (сельской) местности, для которых устанавливаются повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки, за счет средств областного бюджета"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қантардағы № 45 "Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгіленетін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 292
- Қабылданған күні
- 20.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 19.02.2016 60025_60161.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11N0003771
- ЭКБ идентификаторы
- 60025
- Редакция идентификаторы
- 60025_60161
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:56
0
Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қантардағы № 45 "Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгіленетін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына және "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 394-ө бұйрығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгіленетін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3670 болып тіркелген, 2009 жылғы 25 ақпанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасында:
2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1. директор;
2. меңгеруші (басшы);
3. әлеуметтік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары;
4. медициналық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары;
5. медициналық бөлімнің меңгерушісі;
6. дезинфектор;
7. әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
8. барлық мамандықтағы дәрігерлер;
9. барлық мамандықтағы нұсқаушылар;
10 мейірбикелер;
11. дәріхана меңгерушісі;
12. фармацевт;
13. акушер;
14. фельдшер;
15. лаборант;
16. психолог;
17. әдіскер;
18. тәрбиеші;
19. логопед;
20. барлық мамандықтағы мұғалімдер;
21. мәдени ұйымдастырушы;
22. музыкалық жетекші;
23. кітапханашы;
24. әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңес беруші;
25. күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер.".
2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
______________ С. Төкенов