О внесении изменений в постановление акимата от 20 января 2009 года № 45 "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в аульной (сельской) местности, для которых устанавливаются повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки, за счет средств областного бюджета"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата от 20 января 2009 года № 45 "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в аульной (сельской) местности, для которых устанавливаются повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки, за счет средств областного бюджета"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 "Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгіленетін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 460
- Қабылданған күні
- 23.10.2013
- Көрсетілген редакция
- 19.02.2016 75374_60157.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13N0004298
- ЭКБ идентификаторы
- 75374
- Редакция идентификаторы
- 75374_60157
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:02
0
Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 "Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгіленетін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 1-бабы 11-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 "Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгіленетін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3670 тіркелген, 2009 жылғы 25 ақпанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстық бюджет қаражаты есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкалары кемінде жиырма бес процентке жоғары белгіленетін, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкалары кемінде жиырма бес процентке жоғары белгіленетін, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.";
қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстық бюджет қаражаты есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкалары кемінде жиырма бес процентке жоғары белгіленетін, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі".
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облыстық
мәслихаты хатшысының
міндетін атқарушы
___________ К. Джаманбалин