Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2009 года № 555

Қаулы · № 801 · қабылданған 05.08.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2009-no-555/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2009 года № 555 Күшін жойған Қаулы ·№ 801 ·05.08.2010
23.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2009 года № 555

Күшін жойған Қаулы ·№ 801 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2009 года № 555
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 555 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
801
Қабылданған күні
05.08.2010
Көрсетілген редакция
23.04.2015 AI53840_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000801_
ЭКБ идентификаторы
53840
Редакция идентификаторы
AI53840_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:36

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 555 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 555 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 176-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
тақырыбы және 1-тармақ «көрсету» деген сөзден кейін «және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесінде:
тақырыбы және 1-тармақ «көрсету» деген сөзден кейін «және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8, 9, 10 және 11 -тармақтармен толықтырылсын:
«8. Заңда көзделген мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін, өздерінің иелігінде қалатын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке алынады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмсалады.
9. Мемлекеттік кітапханалардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша:
1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;
2) қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеуге;
3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көліктік қызметтерге ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып aлy);
4) кітапхана қорларын толықтыру үшін әдебиет, электрондық коллекциялар мен дерекқор сатып алуға;
5) кітап қорын, оку әлеуметтанымын сақтау мәселелері бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиет шығаруға;
6) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту жүргізу үшін оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алуға;
7) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту тренингтерін, семинарлар, конференциялар өткізуге,
8) бұқаралық іс-шараларды өткізуге (әдеби кештер, көрмелер, тұсаукесерлер, конкурстар, кітап күндері, фестивальдар);
9) бланк өнімдерін, брошюраларды, авторефераттарды, оқырман билеттерін, талап парақшаларын жасауға және тираждауға, мұқабаны басып шығаруға, тарақты түптеуге;
10) кітапханалар басылымдарын, дыбыс жазбаларының, бейнефильмдердің, фонограммалардың көшірмелерін өткізуге;
11) кітаптарды, журналдарды жөндеуге, қалпына келтіруге және түптеуге;
12) фото, кино, бейне түсірімдерге, жекелеген мақалалардың және кітаптар мен мерзімді баспа басылымдарынан алынған материалдардың микрокөшірмесін алуға;
13) мәдени құндылықтар мен тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруге жұмсалады.
10. Мемлекеттік мұражай мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша:
1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;
2) ақылы қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеуге;
3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көліктік қызметтерге ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып aлу);
4) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту жүргізу үшін үй-жайды жалға алуға және оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алуға жұмсалады.
11. Мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражатты есепке алу, оның есептілігі және жұмсалуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».

2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден қаражат түсу және оны пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 262 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 121-құжат);

2

2) «Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 555 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 176-құжат).

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы