О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 октября 2010 года № 1084
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 октября 2010 года № 1084
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 1084 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 302
- Қабылданған күні
- 31.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2014 AI106083_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000302
- ЭКБ идентификаторы
- 106083
- Редакция идентификаторы
- AI106083_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:42
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 1084 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 1084 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
кіріспесіндегі «2-тармағына» деген сөздерден кейін «, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2 баптарына» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында:
1-тармақтағы «жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін» деген сөздер алынып тасталсын;
9-тармақтағы «Мемлекеттік қызмет» деген сөздерден кейін «демалыс күндерін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
«23-1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.».