Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 20 мая 2010 года № 113 «Об утверждении Правил предоставления на безвозмездной основе статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации и разработанной на основании первичных статистических данных, представляемых респондентами в соответствии с графиком представления респондентами первичных статистических данных»

Бұйрық · № 22 · қабылданған 14.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2010-no-113-ekb-229019/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 20 мая 2010 года № 113 «Об утверждении Правил предоставления на безвозмездной основе статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации и разработанной на основании первичных статистических данных, представляемых респондентами в соответствии с графиком представления респондентами первичных статистических данных» Күшіне енбеген 14.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 20 мая 2010 года № 113 «Об утверждении Правил предоставления на безвозмездной основе статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации и разработанной на основании первичных статистических данных, представляемых респондентами в соответствии с графиком представления респондентами первичных статистических данных»

Күшіне енбеген Бұйрық № 22 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 20 мая 2010 года № 113 «Об утверждении Правил предоставления на безвозмездной основе статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации и разработанной на основании первичных статистических данных, представляемых респондентами в соответствии с графиком представления респондентами первичных статистических данных»
Атауы (қаз.)
«Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
22
Қабылданған күні
14.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
31.08.2026
Көрсетілген редакция
14.08.2026 I229019_0.kaz
Соңғы өзгеріс
14.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039617
ЭКБ идентификаторы
229019
Редакция идентификаторы
I229019_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
21.08.2026 03:30
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6283 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын бастапқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 65) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 51) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беру қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын бастапқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 65) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 51) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдардың біржолғы сұрау салулары негізінде, ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын бастапқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты ұсыну тәртібін регламенттейді.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ресми сұрау салулар талап етілетін статистикалық ақпараттың құрамын бір мағыналы анықтауға мүмкіндік беретін ақпараттардан тұруы тиіс (статистикалық көрсеткіштердің атауы, кезеңі, бөліністік).»;
8, 9, 10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Уәкілетті орган ведомствосының басшысы ресми сұрау салуларға жауап дайындау және статистикалық ақпаратты беруге уәкілетті орган ведомствосының жауапты құрылымдық бөлімшесін (бұдан әрі – жауапты бөлімше) анықтайды.
9. Егер сұралып жатқан статистикалық ақпарат бірнеше құрылымдық бөлімшеде әзірленетін болса, жауапты құрылымдық бөлімше болып статистикалық ақпараттың жинақталуына жауапты құрылымдық бөлімше табылады.
10. Ресми сұрау салуларға жауапты қалыптастыру процесінде жауапты бөлімше қажетті ақпаратты ведомстволық бағынысты ұйымынан «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) сұратады және алады.
11. Уәкілетті орган ведомствосының басшысы сұрау салынған ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын бастапқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпарат қоса берілген ілеспе хатқа қол қояды.
12. Уәкілетті орган ведомствосының құжат айналымын қамтамасыз ететін қызмет, жұмыс күнінен кешіктірмей қол қойылған құжат түскеннен кейін өтініш берушіге жолдайды.»;
13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) талап етілетін статистикалық ақпарат қалыптастырылмайтын және мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын мәліметтерді есептеу негізінде алынуы мүмкін емес;»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Егер ресми сұрау салу бас тарту критерияларын қанағаттандыратын болса, жауапты бөлімше сұрау салуға үш жұмыс күні ішінде статистикалық ақпаратты ұсынуға бас тарту себебі көрсетілетін теріс жауапты дайындайды.».

2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректер сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.