О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 20 мая 2010 года № 113 "Об утверждении Правил предоставления на безвозмездной основе статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации и разработанной на основании первичных статистических данных, представляемых респондентами в соответствии с графиком представления респондентами первичных статистических данных"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 20 мая 2010 года № 113 "Об утверждении Правил предоставления на безвозмездной основе статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации и разработанной на основании первичных статистических данных, представляемых респондентами в соответствии с графиком представления респондентами первичных статистических данных"
- Атауы (қаз.)
- "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректердің негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 22.01.2014
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2014 AI77960_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009174
- ЭКБ идентификаторы
- 77960
- Редакция идентификаторы
- AI77960_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:05
0
"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректердің негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректердің негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 113 (Нормативтік – құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6283 болып тіркелген, 2010 жылғы 13 қарашадағы № 310 - 311 (26371 – 26372) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректердің негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну ережесінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Ресми сұрау салуға жауап дайындау барысында жауапты бөлімше қажетті ақпаратты қызметінің мақсаты статистиканың барлық бөлімдері бойынша статистикалық деректер қорын қалыптастыру және жүргізу болып табылатын «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан (бұдан әрі – «АЕО» РМК) сұратады және алады.»
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Қарастыру үшін «АЕО» РМК-дан ақпарат алуды талап етпейтін ресми сұрау салулар 15 күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.»
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. «АЕО» РМК-дан ақпарат алуды талап ететін ресми сұрау салулар 30 күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.»