О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 20 апреля 2010 года № 124 "Об утверждении Правил разработки, апробирования и внедрения методик судебно-экспертных исследований"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 20 апреля 2010 года № 124 "Об утверждении Правил разработки, апробирования и внедрения методик судебно-экспертных исследований"
- Атауы (қаз.)
- "Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 294
- Қабылданған күні
- 15.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2015 AI83963_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14D0009817
- ЭКБ идентификаторы
- 83963
- Редакция идентификаторы
- AI83963_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:19
0 "Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 124 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6210 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2010 жылғы 11 қарашадағы № 303-305 (26364-36366) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу ережесінде:
16-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«16. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органының Ғылыми Кеңесі ұсынылған сот сараптамасы зерттеуінің әдістемесін бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін, ол туралы мәліметтер Сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі, ал сот сараптамасы зерттеуінің әдістемесі сот сараптамаларының белгілі бір түрін (түрлерін) жүргізу тәжірибесіне енгізу үшін ұсынылады.»;
17-тармақ алынып тасталынсын.