Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 20 июля 2010 года № 210 «Жер салығының базалық мөлшерлемесін белгілеу туралы»

Өзге акт · № 201 · қабылданған 27.03.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2010-no-210/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 20 июля 2010 года № 210 «Жер салығының базалық мөлшерлемесін белгілеу туралы» Күшін жойған Өзге акт ·№ 201 ·27.03.2018
05.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 20 июля 2010 года № 210 «Жер салығының базалық мөлшерлемесін белгілеу туралы»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 201 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 20 июля 2010 года № 210 «Жер салығының базалық мөлшерлемесін белгілеу туралы»
Атауы (қаз.)
Шалқар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 20 шілдедегі № 210 «Жер салығының базалық мөлшерлемесін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
201
Қабылданған күні
27.03.2018
Көрсетілген редакция
05.03.2021 120891_514336.kaz
Соңғы өзгеріс
05.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18CM000190
ЭКБ идентификаторы
120891
Редакция идентификаторы
120891_514336
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:10

0 Шалқар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 20 шілдедегі № 210 «Жер салығының базалық мөлшерлемесін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің 510 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Шалқар аудандық мәслихатының қазақ тіліндегі 2010 жылғы 20 шілдедегі № 210 «Жер салығының базалық мөлшерлемесін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-140 тіркелген, 2010 жылғы 8 қыркүйекте «Шалқар» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің тақырыбындағы «белгілеу» сөзі «арттыру» сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспесі келесідей редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 510 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1 тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, жер салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 504, 505 және 506-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 50 пайызға арттырылсын.»;
көрсетілген шешімге қосымша алынып тасталсын.

2 2. «Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы шешімді Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы