О внесении изменений в решение районного маслихата от 20 июля 2010 года № 212 "О размере и порядке оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 20 июля 2010 года № 212 "О размере и порядке оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 20 шілдедегі № 212 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 113
- Қабылданған күні
- 08.11.2013
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2017 75642_191002.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13CM003690
- ЭКБ идентификаторы
- 75642
- Редакция идентификаторы
- 75642_191002
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:56
0 Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 20 шілдедегі № 212 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Шалқар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 20 шілдедегі № 212 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3-13-138 санымен тіркелген, 2010 жылы 8 қыркүйекте аудандық "Шалқар" газетінің № 41 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Шалқар ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Шалқар ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары бекітілсін".;
көрсетілген шешіммен бекітілген Ереженің тақырыбындағы және бүкіл мәтіні бойынша "ережесін, ережелері, ережелер, ережелерде, ережелерінде, ережелерімен" сөздері "қағидасын, қағидалары, қағидалар, қағидаларда, қағидаларында, қағидаларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап, көрсетілген шешіммен бекітілген Шалқар ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында:
3 тармақтың 6 абзацы;
4 тармақ бірінші абзацындағы "жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге" сөздері алынып тасталсын.