О внесении изменения в решение маслихата от 20 августа 2010 года № 269 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата от 20 августа 2010 года № 269 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2010 жылғы 20 тамыздағы № 269 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 387
- Қабылданған күні
- 01.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2014 61328_112631.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11NJ000169
- ЭКБ идентификаторы
- 61328
- Редакция идентификаторы
- 61328_112631
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:19
0 Мәслихаттың 2010 жылғы 20 тамыздағы № 269 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" мәслихаттың 2010 жылғы 20 тамыздағы № 269 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-10-147 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 9 қыркүйектегі "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттар ұсынылған сәттен бастап, күнтізбелік 10 күннің ішінде өтініш берушіге тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабар етеді, немесе тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы дәлелденген жауап береді, оның бір данасы өтініш берушіге беріледі.".
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Жітіқара ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________ И. Григорьева
"Жітіқара ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекесінің бастығы"
________ Г. Жидебаева