О лишении статуса Памятника истории и культуры местного значения, исключении его из Государственного списка памятников истории и культуры местного значения Северо-Казахстанской области и внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 20 декабря 2010 года № 358 «Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О лишении статуса Памятника истории и культуры местного значения, исключении его из Государственного списка памятников истории и культуры местного значения Северо-Казахстанской области и внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 20 декабря 2010 года № 358 «Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін мәртебесінен айыру және оны Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастау туралы және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 358 «Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдени ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 08.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 12.05.2020 138026_461105.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20S0005800
- ЭКБ идентификаторы
- 138026
- Редакция идентификаторы
- 138026_461105
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:35
0
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін мәртебесінен айыру және оны Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастау туралы және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 358 «Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдени ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 18-бабы 18) тармақшасына сәйкес, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші – Петропавл қаласындағы облыстық драма театрына жасалған 2019 жылғы 1 қарашадағы тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 1 мекенжайында орналасқан 1972 жылы салынған Облыстық драма театры жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айырылсын және Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тасталсын.
2
2. «Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдени ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 358 қаулысына (2011 жылғы 29 қаңтар «Солтүстік Қазақстан» газетінде, 2011 жылғы 29 қаңтар «Северный Казахстан» газетінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1766 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінің 27-жолы алып тасталсын.