О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 20 августа 2010 года № 369 "Об утверждении Квалификационных требований к кандидатам на должность первого руководителя авиакомпании"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 20 августа 2010 года № 369 "Об утверждении Квалификационных требований к кандидатам на должность первого руководителя авиакомпании"
- Атауы (қаз.)
- "Авиакомпанияның бірінші басшысының лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 369 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 191
- Қабылданған күні
- 16.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2016 101576_75030.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013481
- ЭКБ идентификаторы
- 101576
- Редакция идентификаторы
- 101576_75030
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:29
0 «Авиакомпанияның бірінші
басшысының лауазымына
кандидаттарға қойылатын
біліктілік талаптарын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2010 жылғы 20 тамыздағы № 369
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Авиакомпанияның бірінші басшысының лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 369 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6487 болып тіркелген, 2010 жылғы 6 қазанда «Казахстанская правда», № 263 (26324) газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Авиакомпанияның бірінші басшысының лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес құжат түрінде расталатын азаматтық авиация саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл (немесе басқа салалардағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл, кейіннен тағайындалған күнінен бастап үш ай ішінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету курсынан өту шартымен) жұмыс тәжірибесі;».
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.Қ. Сейдахметов):
1 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.