Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745 "Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам" и от 23 мая 2011 года № 560 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Государственная регистрация и перерегистрация продуктов детского питания, пищевых и биологически активных добавок к пище, генетически модифицированных объектов, красителей, средств дезинфекции, дезинсекции и дератизации, материалов

Қаулы · № 157 · қабылданған 20.02.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2010-no-745-23-2011-no-560-20-2010-no-745/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745 "Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам" и от 23 мая 2011 года № 560 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Государственная регистрация и перерегистрация продуктов детского питания, пищевых и биологически активных добавок к пище, генетически модифицированных объектов, красителей, средств дезинфекции, дезинсекции и дератизации, материалов Күшін жойған Қаулы ·№ 157 ·20.02.2013
22.05.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745 "Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам" и от 23 мая 2011 года № 560 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Государственная регистрация и перерегистрация продуктов детского питания, пищевых и биологически активных добавок к пище, генетически модифицированных объектов, красителей, средств дезинфекции, дезинсекции и дератизации, материалов

Күшін жойған Қаулы ·№ 157 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745 "Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам" и от 23 мая 2011 года № 560 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Государственная регистрация и перерегистрация продуктов детского питания, пищевых и биологически активных добавок к пище, генетически модифицированных объектов, красителей, средств дезинфекции, дезинсекции и дератизации, материалов
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және "Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекел
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
157
Қабылданған күні
20.02.2013
Көрсетілген редакция
22.05.2014 AI71090_4.kaz
Соңғы өзгеріс
22.05.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000157
ЭКБ идентификаторы
71090
Редакция идентификаторы
AI71090_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:41

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және "Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 23 мамырдағы № 560 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

2

2) «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 560 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 488-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 ақпандағы
№ 157 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 23 мамырдағы
№ 560 қаулысымен
бекітілген
«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 5-кіреберіс мекенжайы бойынша және мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті орган), сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда www.е.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3

3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 146-бабы, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы, «Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімін ратификациялау туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы және «Балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу ережесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 546 бұйрығы негізінде көрсетіледі.

4 4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

1 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) мына: www.mz.gov.kz интернет-ресурсында;

2 2) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес аумақтық бөлімшелердің үй-жайларында орналасқан стенділерде;

3 3) порталда орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ саll–орталықтың: (1414) телефоны бойынша берілуі мүмкін.

5

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі уәкілетті органның ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беруі не уәкілетті органның ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы немесе қағаз тасымалдағыштағы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.
Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қағаз тасымалдағышта жүгінген жағдайда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және уәкілетті орган басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жүгінген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға қағаз тасымалдағышта не порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.

6 6. Мемлекеттік қызмет осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мемлекеттік тіркелуге тиіс өнімдердің (заттардың) тізбесіне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1 1) уәкілетті органда:

мемлекеттік қызметті алушы жүгінген сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей (құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
мемлекеттік қызметті алушыға өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің барынша рұқсат берілген уақыты – 30 минуттан аспайды;
мемлекеттік қызметті алушыға өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат берілген уақыты – 30 минуттан аспайды;

2 2) порталда:

сұрау берген сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей.

8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9 9. Жұмыс кестесі:

1

1) уәкілетті органда – мемлекеттік қызмет күн сайын жұмыс күндері «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Қабылдау алдын ала жазылмай және жедел қызмет көрсетілмей, кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

2 2) порталда – тәулік бойы.

10 10. Мемлекеттік қызмет:

1 1) дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолжетімділігі үшін жағдайлар көзделген уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі. Құжаттарды толтыруға арналған орын қажетті құжаттар тізбесімен және оларды толтыру үлгілерімен жабдықталған.

Дене мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызметті алушылардың кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін ғимаратта ыңғайлы қозғалу жағдайлары (тұтқалар, пандустар және сүйеніштер) көзделген. Күтудің және қажетті құжаттарды дайындаудың қолайлы жағдайлары бар;

2 2) порталда – «жеке кабинетте» көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

11 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:

уәкілетті органға:

1 1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2 2) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

3 3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

4 4) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

5 5) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілеттікке өкілдікті куәландыратын құжат – мемлекеттік қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;

6 6) осы стандартқа 4, 5-қосымшаларда көрсетілген мәліметтер мен құжаттар.

Құжаттардың көшірмелері салыстыру үшін түпнұсқаларымен бірге ұсынылады.
Порталға:

1 1) мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы сұрау;

2 2) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

3 3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

4 4) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

5 5) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілеттікке өкілдікті куәландыратын құжат – мемлекеттік қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;

6 6) осы стандартқа 4, 5-қосымшаларда көрсетілген мәліметтер мен құжаттар.

Қайта тіркеуді жүргізу үшін:
уәкілетті органға:

1 1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2 2) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

3 3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

4 4) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

5 5) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілеттікке өкілдікті куәландыратын құжат – мемлекеттік қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;

6 6) осы стандартқа 4, 5-қосымшаларда көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;

7 7) мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәлік.

Құжаттардың көшірмелері салыстыру үшін түпнұсқаларымен бірге ұсынылады.
Порталға:

1 1) мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы сұрау;

2 2) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

3 3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

4 4) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

5 5) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілеттікке өкілдікті куәландыратын құжат – мемлекеттік қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;

6 6) осы стандартқа 4, 5-қосымшаларда көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;

7 7) мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәлік.

Өнімдерді (заттарды) қайта тіркеу үшін мыналар негіз болып табылады:

1 1) атауының және шығарылу нысанының, дозасының, құрамының және өнімдердегі (заттардағы) қосалқы заттар комбинациясының, қолданылу саласының және пайдалану жөніндегі ұсынымдардың, қарсы көрсетілімдері мен оларды қолдануды шектеулердің өзгеруі;

2 2) шығарушы-фирманың сауда маркасының, өндіру орнының немесе өнімдерді (заттарды) өндірушінің ауысуы;

3 3) өнімдердің (заттардың) нормативтік-техникалық құжаттамасына өзгерістер енгізу.

Жеке басты куәландыратын құжаттарды, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру олардағы бар ақпаратты портал немесе Орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды нысандағы құжаттарды алу мүмкіндігі болған кезде қажет етілмейді.

12 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін бекітілген нысандағы өтініштің бланкілері Министрліктің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

Портал арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін электрондық құжат нысанын толтыру қажет.

13 13. Құжаттарды қабылдау уәкілетті органның кеңсесі арқылы сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін деп белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күнделікті жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Порталда электронды сұрауды қабылдау мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетінде тәулік бойы жүзеге асырылады.

14 14. Мемлекеттік қызмет алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға мыналар беріледі:

1 1) уәкілетті органға жүгінген кезде мыналар:

сұраудың нөмірі және қабылдау күні;
сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттар саны мен атауы;
құжатты беру күні (уақыты) және орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті орган кеңсесі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты мен оның байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы талон беріледі.

2 2) портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіле отырып мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

15 15. Уәкілетті органда мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беруді уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері алушы осы стандарттың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мерзімде өзі келген кезде қолма қол жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету нәтижесі порталда осы стандарттың 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзімдерде жеке кабинетіне жіберіледі.

16 16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартылады:

1 1) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакетін толық ұсынбау;

2 2) өнімнің (заттардың) құрамында Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған химиялық және биологиялық заттарды пайдалану, сондай-ақ өтініш берушінің дұрыс емес ақпарат ұсынуы;

3 3) өнімнің (заттардың) қауіпсіздігін және/немесе тиімділігін және/немесе сапасын сипаттайтын зертханалық зерттеулердің қанағаттанғысыз нәтижелерін алу;

4 4) егер өнімге (заттарға) және оны дайындауға қатысты қауіпсіздік талаптары белгіленбесе, өнімде (затта) және қоршаған ортада қауіпті факторларды анықтау және өлшеу әдістемесінің болмауы;

5 5) өнімді (заттарды) өндіру, қолдану (пайдалану) кезінде олардың адамның денсаулығына зиянды әсерін болдырмау бойынша тиімді шаралардың болмауы немесе осындай шаралармен қамтамасыз етудің мүмкін болмауы;

6 6) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көзделген негіздердің болуы.

3 3. Жұмыс қағидаттары

17 17. Мемлекеттік қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды адамдар өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

1 1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2 2) қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтау;

3 3) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде лауазымды адамдар қызметінің ашықтығы;

4 4) мемлекеттік қызмет алушымен жұмыс кезінде сыпайы болу;

5 5) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы түпкілікті және толық ақпарат беру;

6 6) мемлекеттік қызмет алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.

4 4. Жұмыс нәтижелері

18 18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының нәтижелері осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19 19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5 5. Шағымдану тәртібі

20

20. Уәкілетті органның уәкілетті адамы уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін мына: 010000, Астана қаласы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 5-кіреберіс, № 1144 бөлме мекенжайы бойынша, сондай-ақ 8 (7172) 74-32-87, 74-30-66 телефондары арқылы түсіндіреді және шағымды дайындауға жәрдем көрсетеді.
Сондай-ақ шағымдану тәртібі туралы ақпаратты порталдағы ақпараттық-анықтамалық қызметтің call-орталығының телефоны (1414) арқылы алуға болады.

21

21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым жазбаша түрде Денсаулық сақтау министрінің не оны алмастыратын адамның атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 5-кіреберіс, № 1144 бөлме, байланыс телефоны 8 (7172) 74-30-66, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жолданады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

22

22. Уәкілетті органның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Министрліктің кеңсесіне мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 5-кіреберіс, № 1144 кабинет, байланыс телефоны 8 (7172) 74-30-66 және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша оның аумақтық бөлімшелерінің кеңсесіне «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қабылданады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

23 23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

24

24. Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошта мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушы қол қоюуы тиіс. Шағымды берген кезде әрекетіне шағым жасалатын субъектінің аты немесе лауазымы, лауазымды адамдардың тектері және аты-жөндері, өтініш беру себебі мен талаптары көрсетіледі.

25 25. Шағымның қабылданғанын растау ретінде күні мен уақыты, байланыс телефоны көрсетілген өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алатын мерзімі мен орны көрсетілген талонды беру болып табылады.

Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты уәкілетті органның қызметкерінен мына: 8 (7172) 74-30-66 телефоны бойынша немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген аумақтық бөлімшелердің телефондары бойынша алуға болады.
Портал арқылы жүгінген кезде электронды шағым жібергеннен кейін мемлекеттік қызметті алушыға «жеке кабинетінен» уәкілетті органда өтінішті өңдеу барысында (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Шағымды қарау нәтижелері мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы не порталдағы «жеке кабинетке» не шағымда көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі.

26 26. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты Министрліктің www.mz.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.

1 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің мемлекеттік қызмет көрсететін аумақтық бөлімшелерінің мекенжайлары

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық
және биологиялық белсенді қоспаларды,
генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция
және дератизация құралдарын, сумен және
тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды
әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен
заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу және қайта тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің мемлекеттік қызмет көрсететін аумақтық бөлімшелерінің мекенжайлары
р/с №
Ата­уы
Ор­на­лас­қан же­рі, бай­ла­ныс де­ректе­рі
1
2
3
1
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің Аста­на қа­ла­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті» ММ
010000, Аста­на қа­ла­сы, «Са­ры­ар­қа» ауда­ны, Жел­тоқ­сан кө­ше­сі, 46-үй.тел. 8-7172-317139;dgsn_astana@​mail.​ru
2
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің Ал­ма­ты қа­ла­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті» ММ
050002, Ал­ма­ты қа­ла­сы, Жі­бек жо­лы кө­ше­сі, 5.
тел. 8-727-382-35-15;
gorseu_almaty@​mail.​ru
3
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің Ақ­мо­ла об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті» ММ
020000, Ақ­мо­ла об­лы­сы, Көк­ше­тау қа­ла­сы, Ке­не­са­ры кө­ше­сі, 14 а.
тел. 8-7162-26-55-36;
akmolaugsn@​rambler.​ru
4
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің Ақ­тө­бе об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті» ММ
030012, Ақ­тө­бе об­лы­сы, Ақ­тө­бе қа­ла­сы, Саң­қы­бай ба­тыр даң­ғы­лы, 1. тел.: 8-7132-55-77-29
aktubses@​inbox.​ru
5
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің Ал­ма­ты об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті» ММ
040000, Ал­ма­ты об­лы­сы, Тал­ды­қор­ған қа­ла­сы, Сла­нов кө­ше­сі, 85-А. тел. 8-7282-21-05-60; almobldkgsen@​mail.​online.​kz
6
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің Аты­рау об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті» ММ
060007, Аты­рау қа­ла­сы, Гу­рьев кө­ше­сі, 7А.
тел. 8-7122-35-40-39;
atyrses@​mail.​ru
7
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті» ММ
070002, Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы, Өс­ке­мен қа­ла­сы, Тәу­ел­сіз­дік (Неза­ви­си­мо­сти) даң­ғы­лы, 17. тел. 8-7232-76-59-87; ses_vko@​mail.​ru
8
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің Жам­был об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті» ММ
080012, Жам­был об­лы­сы, Та­раз қа­ла­сы, Әй­те­ке би кө­ше­сі, 13.
тел. 8-7262-45-08-83;
zhambyldgsen@​mail.​ru
9
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті» ММ
090001, Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы, Орал қа­ла­сы, Д. Нұр­пей­і­со­ва кө­ше­сі, 19. тел. 8-7112-51-27-66;
zko_dgsen@​mail.​online.​kz
10
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің Қа­ра­ған­ды об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті» ММ
100000, Қа­ра­ған­ды об­лы­сы, Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы, Әли­ха­нов кө­ше­сі, 2. тел. 8-7212-41-14-53;
karseu@​mail.​ru
11
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің Қо­ста­най об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті» ММ
110000, Қо­ста­най об­лы­сы, Қо­ста­най қа­ла­сы, Әл-Фа­ра­би даң­ғы­лы, 113.
тел. 8-7142-54-36-50;
kostdgsen@​krcc.​kz
12
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің Қы­зы­лор­да об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті» ММ
120008, Қы­зы­лор­да об­лы­сы, Қы­зы­лор­да қа­ла­сы, Чай­ков­ский кө­ше­сі, 10.
тел. 8(7242)237220; 23-81-46; kyzses@​mail.​ru
13
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің Маң­ғы­стау об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті» ММ
130000, Маң­ғы­стау об­лы­сы, Ақ­тау қа­ла­сы,
3 «В» ша­ғын аудан, 46-үй. тел. 8-7292-50-19-09;
dgsen-aktau@​topmail.​kz
14
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің Пав­ло­дар об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті» ММ
140002, Пав­ло­дар об­лы­сы, Пав­ло­дар қа­ла­сы, С. То­рай­ғы­ров кө­ше­сі, 70/2.
тел. 7-7182-55-18-82;
pav_dgsen@​rambler.​ru
15
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті» ММ
150009, Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы, Пет­ро­павл қа­ла­сы, Мир кө­ше­сі, 236.
тел. 8-7152-52-14-37;
факс 52-14-15;
skoses@​mail.​online.​kz
16
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті» ММ
160000, Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы, Шым­кент қа­ла­сы, Д. Қо­на­ев гүл­за­ры, 27.
тел. 8-7252-39-02-69;
dgsen_uko_2011@​mail.​ru
17
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің Кө­лік­те­гі де­пар­та­мен­ті» ММ
010000, Аста­на қа­ла­сы, Са­ры­ар­қа ауда­ны, Қа­ра­сай ба­тыр кө­ше­сі, 2 а
тел.8 -7172-93-24-28;
gugsen@​rambler.​ru

2 Мемлекеттік тіркелуге тиіс тауарлардың тізбесі

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық
және биологиялық белсенді қоспаларды,
генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция
және дератизация құралдарын, сумен және
тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды
әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен
заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу және қайта тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Мемлекеттік тіркелуге тиіс тауарлардың тізбесі

1 1. Минералды су (табиғи асханалық, емдік-асханалық, емдік), сыйымдылыққа құйылған шөлмектегі ауыз су (оның ішінде балалар тамағында пайдалануға арналған), сергітетін сусындар, алкоголі аз өнімді қоса алғанда, алкоголь өнімі, сыра.

2

2. Арнаулы тамақ өнімдері, оның ішінде балалар тамағы өнімдері, жүкті және емізетін әйелдерге арналған өнімдер, диеталық (емдік және профилактикалық) тамақ өнімдері, спортшылардың тамақтануына арналған өнімдер (бұдан әрі – арнаулы тамақ өнімдері); тамаққа биологиялық белсенді қоспалар, тамаққа биологиялық белсенді қоспалар өндіруге арналған шикізат, органикалық өнімдер.

3 3. Гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгендік) организмдерді, оның ішінде генетикалық түрлендірілген микроорганизмдерді пайдалана отырып алынған тамақ өнімдері.

4 4. Тағамдық қоспалар, кешенді тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер, дәмді хош иістендіргіш заттар мен шикізат компоненттері ретіндегі өсімдік экстракттары, микроорганизмдердің бастапқы өсірінділері және бактериялық ашытқылар, технологиялық қосымша заттар, оның ішінде ферментті препараттар.

5 5. Косметикалық өнім; ауыз қуысы гигиенасы заттары мен бұйымдары.

6 6. Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдары (тұрмыста, емдеу-профилактикалық мекемелерде және басқа да объектілерде (ветеринарияда қолданылатыннан басқа) қолдануға арналған).

7 7. Тұрмыстық химия тауарлары.

8

8. Әлеуетті кауіпті химиялық және биологиялық заттар және олардың негізінде дайындалатын, адамның денсаулығы үшін әлеуетті қауіп төндіретін (дәрілік заттардан басқа) препараттар, өндіру, қолдану, тасымалдау, өңдеу жағдайларында, сондай-ақ тұрмыстық жағдайларда адамның денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға қолайсыз әсер етуге бейім табиғи немесе жасанды жолмен алынған жеке заттар (қосындылар).

9 9. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелерінде пайдалануға арналған су дайындау материалдары, жабдық, құрылғы және басқа да техникалық құралдар.

10 10. Балаларға және ересектерге арналған жеке гигиена заттары; үш жасқа дейінгі баланың қажетті заттары: балаларды тамақтандыру үшін пайдаланылатын ыдыстар мен бұйымдар, баланы гигиеналық күтуге арналған заттар; балаларға арналған киім (бірінші қабат).

11 11. Тамақ өнімдерімен жанасуға арналған бұйымдар (ыдыстан, асхана заттарынан, техникалық жабдықтан басқасы).

3 ӨТІНІШ

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық
және биологиялық белсенді қоспаларды,
генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция
және дератизация құралдарын, сумен және
тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды
әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен
заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу және қайта тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
нысан
_________________________________
Мемлекеттік органның атауы
_________________________________
Басшының Т.А.Ә.
_________________________________
өтініш иесінің Т.А.Ә.
_________________________________
жеке куәлігінің (төлқұжатының) №
_________________________________
ұйымның атауы (ЖШС, ЖК)
_________________________________
Мекенжайы, деректемелері (ЖСН/БСН)
_________________________________
өтініш иесінің байланыс телефоны
ӨТІНІШ
Сізден _____________________________________________________________________
(өнімнің атауы)
___________________________________________________________________________
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жүргізуді сұраймын.
Қолы
Күні, айы, жылы
Қосымша (құжаттар көшірмелері):
1.
2.
3.

4 Мемлекеттік қызмет алу үшін ұсынылатын мәліметтер мен құжаттардың тізбесі

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық
және биологиялық белсенді қоспаларды ,
генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция
және дератизация құралдарын, сумен және
тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды
әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен
заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу және қайта тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
Мемлекеттік қызмет алу үшін ұсынылатын мәліметтер мен құжаттардың тізбесі
р/с №
Құ­жат­тар
Ұсы­ну тә­сі­лі
1
2
3
Ке­ден ода­ғы­ның ке­ден­дік ау­ма­ғын­да дай­ын­да­ла­тын ба­қы­ла­уда­ғы та­у­ар­лар үшін
1
Өнім дай­ын­да­у­ға негіз бо­ла­тын дай­ын­да­у­шы (өн­ді­ру­ші) ку­әлан­дыр­ған құ­жат­тар (стан­дарт­тар, тех­ни­ка­лық шар­ттар, ре­гла­мент­тер, тех­но­ло­ги­я­лық нұс­қа­у­лар, ерекше­лік­тер, ре­цеп­ту­ра­лар, құ­ра­мы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер)
Кө­шір­ме­ле­рі
2
Дай­ын­да­у­шы (өн­ді­ру­ші) дай­ын­да­ған өнім­нің (өнім үл­гі­сі­нің) олар­ды дай­ын­да­у­ға негіз бо­ла­тын құ­жат­тар­дың та­лап­та­ры­на жа­у­ап бе­ре­т­ін­ді­гі ту­ра­лы жа­з­ба­ша ха­бар­ла­ма­сы
Кө­шір­ме­ле­рі
3
Ба­қы­ла­уда­ғы та­у­ар­лар­ды қол­да­ну (пай­да­ла­ну, тұ­ты­ну) бой­ын­ша дай­ын­да­у­шы­ның (өн­ді­ру­ші­нің) құ­жа­ты (нұс­қа­улық, нұс­қау, ре­гла­мент, ұсы­ным­дар) не өті­ніш бе­ру­ші ку­әлан­дыр­ған оның кө­шір­ме­сі (бар болған­да)
Кө­шір­ме­ле­рі
4
Өті­ніш бе­ру­ші ку­әлан­дыр­ған ба­қы­ла­уда­ғы та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған заттаң­ба­лар­дың (қап­та­ма­лар­дың) кө­шір­ме­ле­рі неме­се олар­дың ма­кет­те­рі
Кө­шір­ме­ле­рі
5
Өті­ніш бе­ру­ші ку­әлан­дыр­ған та­ғам­ға био­ло­ги­я­лық бел­сен­ді қо­с­па­лар­дың ерекше бел­сен­ді­лі­гі ту­ра­лы құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі (бел­гі­сіз ком­по­нент­те­рі, ре­сми емес жа­з­ба­ла­ры бар пре­па­рат­тар үшін)
Кө­шір­ме­ле­рі
6
Үл­гі­лер (сы­на­ма­лар) алу ак­ті­сі
Үл­гі­лер (сы­на­ма­лар) алу ак­ті­сі ту­ра­лы ақ­па­рат бар мә­лі­мет­тің ны­са­ны
7
Та­мақ өнім­де­рін­де ген­дік-ин­же­нер­лік түр­лен­ді­рі­л­ген (транс­ген­ді) ор­га­низмдер­дің, на­но­ма­те­ри­ал­дар­дың, гор­мон­дар­дың, пе­сти­цид­тер­дің бар бо­луы ту­ра­лы дай­ын­да­у­шы­ның (өн­ді­ру­ші­нің) де­кла­ра­ци­я­сы
Та­мақ өнім­де­рін­де ген­дік-ин­же­нер­лік түр­лен­ді­рі­л­ген (транс­ген­ді) ор­га­низмдер­дің, на­но­ма­те­ри­ал­дар­дың, гор­мон­дар­дың, пе­сти­цид­тер­дің бо­луы ту­ра­лы дай­ын­да­у­шы­ның (өн­ді­ру­ші­нің) де­кла­ра­ци­я­сы­ның бар бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ны­са­ны
8
Зерт­теу (сы­нақ) хат­та­ма­ла­ры, (ги­ги­е­на­лық са­рап­тау ак­ті­ле­рі), ғы­лы­ми есеп­тер, са­рап­та­ма­лық қо­ры­тын­ды­лар
Кө­шір­ме­ле­рі
Ке­ден ода­ғы­ның ке­ден­дік ше­ка­ра­сы­нан тыс дай­ын­да­ла­тын ба­қы­ла­уда­ғы та­у­ар­лар үшін
1
Мем­ле­кет­тік тір­кеу жүр­гі­зі­ле­тін Та­рап­тың заң­на­ма­сы­на сәй­кес ку­әлан­ды­ры­л­ған, олар­ды дай­ын­да­у­ға негіз бо­ла­тын құ­жат­тар кө­шір­ме­ле­рі (стан­дарт­тар, тех­ни­ка­лық шар­ттар, ре­гла­мент­тер, тех­но­ло­ги­я­лық нұс­қа­у­лар, ерекше­лік­тер, ре­цеп­ту­ра­лар, құ­ра­мы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер)
Кө­шір­ме­ле­рі
2
Та­мақ өнім­де­рін­де ген­дік-ин­же­нер­лік түр­лен­ді­рі­л­ген (транс­ген­ді) ор­га­низмдер­дің, на­но­ма­те­ри­ал­дар­дың, гор­мон­дар­дың, пе­сти­цид­тер­дің бар бо­луы ту­ра­лы дай­ын­да­у­шы­ның (өн­ді­ру­ші­нің) де­кла­ра­ци­я­сы
Та­мақ өнім­де­рін­де ген­дік-ин­же­нер­лік түр­лен­ді­рі­л­ген (транс­ген­ді) ор­га­низмдер­дің, на­но­ма­те­ри­ал­дар­дың, гор­мон­дар­дың, пе­сти­цид­тер­дің бо­луы ту­ра­лы дай­ын­да­у­шы­ның (өн­ді­ру­ші­нің) де­кла­ра­ци­я­сы­ның бар бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат бар мә­лі­мет­тер ны­са­ны
3
Ба­қы­ла­уда­ғы та­у­ар­лар­ды қол­да­ну (пай­да­ла­ну, тұ­ты­ну) бой­ын­ша дай­ын­да­у­шы­ның (өн­ді­ру­ші­нің) құ­жа­ты (нұс­қа­улық, нұс­қау, ре­гла­мент, ұсы­ным­дар) не өті­ніш бе­ру­ші ку­әлан­дыр­ған оның кө­шір­ме­сі (бар болған­да)
Кө­шір­ме­ле­рі
4
Дай­ын­да­у­шы (өн­ді­ру­ші) дай­ын­да­ған өнім­нің (өнім үл­гі­сі­нің) олар­ды дай­ын­да­у­ға негіз бо­ла­тын құ­жат­тар­дың та­лап­та­ры­на жа­у­ап бе­ре­т­ін­ді­гі ту­ра­лы жа­з­ба­ша ха­бар­ла­ма­сы
Кө­шір­ме­ле­рі
5
Өті­ніш бе­ру­ші ку­әлан­дыр­ған заттаң­ба­лар­дың (қап­та­ма­лар­дың) кө­шір­ме­ле­рі
Кө­шір­ме­ле­рі
6
Мем­ле­кет­тік тір­кеу жүр­гі­зі­ле­тін Та­рап­тың заң­на­ма­сы­на сәй­кес ку­әлан­ды­ры­л­ған, та­ғам­ға био­ло­ги­я­лық бел­сен­ді қо­с­па­лар­дың ерекше бел­сен­ді­лі­гі ту­ра­лы құ­жат­тар­дың түп­нұс­қа­ла­ры неме­се кө­шір­ме­ле­рі (бел­гі­сіз ком­по­нент­те­рі, ре­сми емес жа­з­ба­ла­ры бар пре­па­рат­тар үшін)
Кө­шір­ме­ле­рі
7
Мем­ле­кет­тік тір­кеу жүр­гі­зі­ле­тін Та­рап­тың заң­на­ма­сы­на сәй­кес ку­әлан­ды­ры­л­ған, пре­па­рат­тың ток­си­ко­ло­ги­я­лық си­патта­ма­сы ту­ра­лы құ­жат­тар­дың түп­нұс­қа­ла­ры неме­се кө­шір­ме­ле­рі (пе­сти­цид­тер, аг­ро­хи­ми­кат­тар, қор­ғау және өсім­дік­тер­дің өсу­ін рет­те­у­ші­лер үшін)
Кө­шір­ме­ле­рі
8
Та­ғам­ға био­ло­ги­я­лық бел­сен­ді қо­с­па­лар, та­ғам­дық қо­с­па­лар, дез­ин­фек­ци­я­лау (дезин­сек­ци­я­лау, де­ра­ти­за­ци­я­лау) құ­ра­лы, кос­ме­ти­ка­лық өнім шы­ға­ры­ла­тын ел­дің құ­зы­рет­ті ден­са­улық сақ­тау ор­ган­да­ры­ның (бас­қа да мем­ле­кет­тік уәкі­лет­ті ор­ган­дар­дың) осы өнім­дер­дің қа­уіп­сіз­ді­гін рас­тай­тын және дай­ын­да­у­шы (өн­ді­ру­ші) мем­ле­кет­тің ау­ма­ғын­да ер­кін ай­на­лы­мы­на рұқ­сат бе­ре­тін, тір­кеу жүр­гі­зі­ле­тін Та­рап­тың заң­на­ма­сы­на сәй­кес ку­әлан­ды­ры­л­ған құ­жат­тың кө­шір­ме­сі неме­се осын­дай құ­жат­ты ре­сім­деу қа­жет­ті­лі­гі­нің жоқ екен­ді­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Кө­шір­ме­ле­рі
9
Зерт­теу (сы­нақ) хат­та­ма­ла­ры (ги­ги­е­на­лық са­рап­тау ак­ті­ле­рі), ғы­лы­ми есеп­тер, са­рап­та­ма­лық қо­ры­тын­ды­лар
Кө­шір­ме­ле­рі
10
Мем­ле­кет­тік тір­кеу жүр­гі­зі­ле­тін Та­рап­тың заң­на­ма­сы­на сәй­кес ку­әлан­ды­ры­л­ған Ке­ден ода­ғы­ның ке­ден­дік ау­ма­ғы­на ба­қы­ла­уда­ғы та­у­ар­лар­дың үл­гі­ле­рін әке­лу­ді рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі
Ке­ден ода­ғы­ның ке­ден­дік ау­ма­ғы­на ба­қы­ла­уда­ғы та­у­ар­лар­дың үл­гі­ле­рін әке­лу­ді рас­тай­тын құ­жат­тар­дың бар бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ны­са­ны

5 Мемлекеттік қызмет алу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесіне мәліметтер нысаны

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық
және биологиялық белсенді қоспаларды,
генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция
және дератизация құралдарын, сумен және
тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды
әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен
заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу және қайта тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
5-қосымша
Мемлекеттік қызмет алу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесіне мәліметтер нысаны

1 1. Кеден одағының кедендік аумағында дайындалатын бақылаудағы тауарлар үшін:

1 1. Үлгілерді (сынамаларды) алу актісінің болуы туралы ақпарат:

1 1) үлгілерді (сынамаларды) алу актісінің нөмірі мен берілу күні _______;

2 2) үлгілерді (сынамаларды) алу актісін берген органның атауы ________.

2 2. Тамақ өнімдерінде гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгендік) организмдердің, наноматериалдардың, гормондардың, пестицидтердің болуы туралы дайындаушының (өндірушінің) декларациясы болуы туралы ақпарат:

1 1) декларацияның нөмірі мен күні ___________________________________;

2 2) дайындаушының (өндірушінің) атауы ________________________;

3 3) дайындаушының (өндірушінің) елі___________________________;

4 4) өнімнің (заттардың) атауы ___________________________.

2 2. Кеден одағының кедендік аумағынан тыс дайындалатын бақылаудағы тауарлар үшін:

1 1. Тамақ өнімдерінде гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгендік) организмдердің, наноматериалдардың, гормондардың, пестицидтердің болуы туралы дайындаушының (өндірушінің) декларациясы болуы туралы ақпарат:

1 1) декларацияның нөмірі мен күні____________________________________;

2 2) дайындаушының (өндірушінің) атауы ________________________;

3 3) дайындаушының (өндірушінің) елдің атауы________________________________;

4 4) өнімнің (заттардың) атауы ___________________________.

2 2. Кеден одағының кедендік аумағында бақылаудағы тауарлар үлгілерінің әкелінуін растайтын құжаттардың болуы туралы ақпарат:

1 1) үлгілердің әкелінуін растайтын құжаттың атауы____________________________;

2 2) құжаттың нөмірі мен күні __________________________________;

3 3) құжатты берген органның (ұйымның) атауы __________________;

4 4) импорттаушы елдің атауы ___________________________________;

5 5) өнімнің (заттардың) атауы_________________________________.

6 Кесте. Сана және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық
және биологиялық белсенді қоспаларды,
генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция
және дератизация құралдарын, сумен және
тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды
әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен
заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу және қайта тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
мемлекеттік қызмет стандартына
6-қосымша
Кесте. Сана және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Са­па және ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш­тің нор­ма­тив­тік мәні
Көр­сет­кіш­тің ке­ле­сі жыл­да­ғы ны­са­на­лы мәні
Көр­сет­кіш­тің есеп­ті жыл­да­ғы ағым­да­ғы мәні
1
2
3
4
1. Уақ­ты­лы­ғы
1.1. Құ­жат тап­сы­ры­л­ған сәт­тен ба­стап бел­гі­лен­ген мер­зім­де қыз­мет көр­се­ту жағ­дай­ла­ры­ның %-ы (үле­сі)
2. Са­па­сы
2.1. Қыз­мет көр­се­ту үде­рі­сі­нің са­па­сы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
3. Қол­же­тім­ді­лік
3.1. Қыз­мет көр­се­ту са­па­сы­на және тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­қа қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
3.2. Тұ­ты­ну­шы құ­жат­тар­ды дұ­рыс тол­тыр­ған және бі­рін­ші рет­тен ба­стап тап­сыр­ған жағ­дай­лар­дың %-ы (үле­сі)
4. Ша­ғым­да­ну үде­рі­сі
4.1. Ша­ғым­да­ну­дың қол­да­ны­с­та­ғы тәр­ті­біне қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. Пер­со­нал­дың сы­пай­ы­лы­ғы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)

Қолданыстағы