Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандартов государственных услуг в области лесного и охотничьего хозяйства и внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745

Қаулы · № 403 · қабылданған 07.04.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2010-no-745-ekb-58715/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении стандартов государственных услуг в области лесного и охотничьего хозяйства и внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745 Күшін жойған Қаулы ·№ 403 ·07.04.2011
03.06.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандартов государственных услуг в области лесного и охотничьего хозяйства и внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745

Күшін жойған Қаулы ·№ 403 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандартов государственных услуг в области лесного и охотничьего хозяйства и внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745
Атауы (қаз.)
Орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
403
Қабылданған күні
07.04.2011
Көрсетілген редакция
03.06.2014 AI58715_6.kaz
Соңғы өзгеріс
03.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000403
ЭКБ идентификаторы
58715
Редакция идентификаторы
AI58715_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:37

0 Орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

2 2) «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

3 3) «Аңшы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 403 қаулысымен
бекітілген
«Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

1

1. «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5-кіреберіс және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - Комитет) Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 13-кіреберіс мекенжай бойынша көрсетеді.

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3

3. Мемлекеттік қызмет «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 19) тармақшасы, «Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1413 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің 146-тармағы негізінде көрсетіледі.

4

4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің һttр://www.mіnаgrі.gоv.kz интернет-ресурсында «нормативтік құқықтық актілер бөлімінің» «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» бөлімшесінде, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты 5 және 13-кіреберістер (тиісінше) тел. (87172) 743324 және 8 (7172) 743324 мекенжайы бойынша Комитеттердегі стендтерде орналасқан.

5 5. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті (бұдан әрі - Куәлік) қағаз тасығышта беру немесе оны беруден жазбаша нысанда дәлелді бас тарту болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі тұтынушы) көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде көрсетіледі:

1 1) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметтерді ұсыну мерзімі - 10 (он) жұмыс күн ішінде;

2 2) мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;

3 3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды.

8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9 9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін ұсынылады.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетілусіз, кезекке тұру тәртібімен жүзеге асырылады.

10

10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту және құжаттарды дайындау үшін (күту креслолары, қажетті құжаттарды толтыру үшін орындар қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері ілінген ақпараттық стенділер бар) жағдай жасалады. Комитеттердің ғимараттары физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдардың келуіне арналған пандустары бар кіру есігімен жабдықталған.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

11 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1 1) еркін нысанда жазылған өтініш;

2 2) объектілердің (экспонаттардың) мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі тізбесі;

3 3) коллекцияның сатып алынғандығын және оны иемденудің (иелік етудің) заңдылығын растайтын құжаттар;

4 4) тиісті Комитеттің зоологиялық коллекциялардың бар екенін және оның жай-күйін растайтын аумақтық бөлімшесінің құжаты.

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш Комитетке еркін түрде беріледі.

13 13. Мемлекеттік қызмет алу үшін Тұтынушы өтінішті және оған қоса ұсынылатын қажетті құжаттарды тиісті Комитеттің кеңсесіне: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5 және 13 кіреберіс мекенжайы бойынша береді.

14 14. Тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат тіркеу күні мен нөмірі және мемлекеттік қызметті алу күні көрсетілген талон болып табылады.

15 15. Мемлекеттік қызмет тұтынушының жеке өзіне немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша басқа адамға, сондай-ақ заңды тұлға немесе құрылтайшы құжаттарында осыған уәкілеттік берілген өзге де тұлғаның қол қойған және осы ұйымның мөрімен куәландырылған сенімхат бойынша беріледі.

16 16. Осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық көлемде ұсынылмауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

3 3. Жұмыс қағидаттары

17 17. Комитеттің мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды адамдары өз қызметінде:

1 1) қарапайымдылық таныту, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және пайдаланбау;

2 2) сыпайы және әдепті болу;

3 3) өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеу, олар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдану;

4 4) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғау және оның құпиялылығын сақтауды қамтамасыз етуді басшылыққа алады.

4 4. Жұмыстың нәтижелері

18 18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет ұсыну жөніндегі жұмыс нәтижелері осы Стандартқа қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19 19. Комитеттердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің мақсаты мәні жыл сайын мемлекеттік қызмет көрсететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5 5. Шағымдану тәртібі

20

20. Комитеттің лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану, сондай-ақ шағымды әзірлеуге көмек көрсету тәртібін түсіндіруді тиісті Комитеттің заң қызметінің маманы Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі» Әкімшілік ғимараты 5 және 13 кіреберіс, кеңсе тел.8 (7172) 74-33-15 және 8 (7172) 74-17-42 (тиісінше) мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

21

21. Мемлекеттік қызмет ұсыну нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, һttр://www.mіnаgrі.gоv.kz интернет- ресурсына мекен-жайы бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін беріледі.

22 22. Лауазымды адамдар сыпайы қызмет көрсетпеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5 және 13-кіреберіс (тиісінше) мекенжайы бойынша беріледі.

23 23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24 24. Шағым дәлелді бас тарту көшірмесі қоса беріле отырып, еркін нысанда жазбаша беріледі.

25

25. Қабылданған шағым тиісті Комитеттің кеңсесінде тіркеледі. Шағым берген тұтынушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымның қарау барысы туралы ақпаратты тиісті Комитет кеңсесінің қызметкерлерінен Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5 және 13 кіреберіс (тиісілі), Кеңсе телефоны 8 (7172) 74-33-15 және 8 (7172) 74-17-42 (тиісілі) мекенжайы бойынша алуға болады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

26 26. Тұтынушы қосымша ақпаратты: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5 және 13 кіреберіс (тиісінше), www.mіnаgrі.gоv.kz, www.ҒНС.kz. интернет-ресурсынан, тел.: (8-7172) 745525; факс 743300 е-mаіl:

Ғаunа@mіnаgrі.kz. және 8 (7172) 74-17-42 (тиісінше) мекенжай бойынша тиісті Комитеттің кеңсесінен алуына болады.

49 Кесте. Сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің мәні

«Зоологиялық коллекцияларды құру және
мемлекеттік есепке алу туралы куәлік беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
қосымша
Кесте. Сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Са­па мен ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш­тің нор­ма­тив­тік мәні
Ке­ле­сі жы­л­ғы көр­сет­кіш­ті  мақ­сат­ты мәні
Есеп­ті жыл­да­ғы көр­сет­кіш­тің ағым­да­ғы мәні
1
2
3
4
1. Уақ­ты­лы­лы­лы­ғы
1.1. құ­жат тап­сы­ры­л­ған сәт­тен ба­стап қыз­мет көр­се­ту жағ­дай­ла­ры­ның % (үле­сі)
2. Са­па
2.1. қыз­мет көр­се­ту үде­рі­сі­нің са­па­сы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
3. Қол­же­тім­ді­лік
3.1. қыз­мет көр­се­ту са­па­сы­на және оны көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­қа қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
3.2. ақ­па­ра­ты­на элек­трон­ды фор­мат­та қол жет­кізу­ге бо­ла­тын қыз­мет­тер % (үле­сі)
4. Ша­ғым­да­ну үде­рі­сі
4.1. ша­ғым­да­ну тәр­ті­бі­нің қа­зір­гі тәр­ті­біне қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. пер­со­нал­дың сы­пай­ы­лы­ғы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)

50 «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 493 қаулысымен
бекітілген
«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

1

1. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

2 2. Керсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 18-бабының 6) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босату ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1287, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745, «Ағаш кесу мен орман билетінің нысандары, Ағаш кесу мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1511 қаулылары негізінде ұсынылады.

4

4. Мемлекеттік қызметті ұсыну туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mіnаgrі.gоv.kz интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» кіші бөлімінде, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің (бұдан әрі - Комитет) www.fhс.kz интернет-ресурсында және осы Стандарттың 1-қосымшасын көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитеттің орман шаруашылығы мен кәсіпорындарының табиғат қорғау және мемлекеттік мекемелері кеңселерінің үй-жайларындағы стендтерде орналастырылған.

5 5. Ұсынылатын мемлекеттік қызметтің нәтижесі ағаш кесу және (немесе) орман билетін қағаз тасымалдағышта немесе оларды беруден жазбаша түрде дәлелді бас тарту болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде ұсынылады:

1 1) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 3 (үш) жұмыс күн ішінде;

2 2) мемлекеттік қызметті алғанға дейін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты - 30 (отыз) минут;

3 3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут.

8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9

9. Мемлекеттік қызметті Комитеттің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ұсынады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезекке тұру тәртібімен жүзеге асырылады.

10

10. Мемлекеттік қызметті ұсыну үшін күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін (күту креслолары, құжаттарды толтыру үшін орындар қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталады) жағдайлар жасалады. Комитеттің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары кеңселерінің ғимараттары физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдардың келуіне арналған пандустары бар кіру есігімен жабдықталады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

11 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

1 1) орман кесу билетін алу үшін:

еркін нысанда жазылған өтініш;
тендер нәтижелері туралы хаттама;
ұзақ мерзімді орман пайдалану туралы шарт;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген ставкалар мен мерзімдерге сәйкес орман пайдаланғаны үшін ақы төленгенін растайтын түбіртек;

2 2) орман билетін алу үшін:

еркін нысанда жазылған өтініш;
тендер нәтижелері туралы хаттама (бір жылдан жоғары);
ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты.
оның ішінде:
ғылыми мақсаттарда қосалқы орман пайдалануды жүзеге асыруға (алғаш рет өтініш жасалғанда) қосымша:
ғылыми ұйымды қадағалайтын ғылыми кеңес бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан үзіндінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
дәрілік шикізатты алу кезінде негіздемелік материалдары (биологиялық негіздеме, мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы) беріледі;
мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға:
Комитеттің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерімен және кәсіпорындарымен жасалған шарттың көшірмесі.

12 12. Мемлекеттік қызметті ұсынуға арналған өтініш еркін нысанда толтырылады.

13 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитеттің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарына өтініш жасау қажет.

14 14. Тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат тіркеу күні мен нөмірі және мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетілген талон болып табылады.

15 15. Мемлекеттік қызмет тұтынушының жеке келуі кезінде беріледі.

16 16. Осы Стандарттың 11 -тармағында көрсетілген құжаттарды толық көлемінде ұсынбау мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

3 3. Жұмыс қағидаттары

17 17. Мемлекеттік қызметті ұсынатын Комитеттің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен және кәсіпорындарының лауазымды адамдары өз қызметінде:

1 1) қарапайымдылық таныту, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және пайдаланбау;

2 2) сыпайы және әдепті болу;

3 3) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеу, белгіленген мерзімде олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;

4 4) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын сақтау қағидаттарын басшылыққа алады.

4 4. Жұмыстың нәтижелері

18 18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметті ұсыну жөніндегі жұмыс нәтижелері осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19

19. Комитеттің мемлекеттік қызмет көрсететін табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының, жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5 5. Шағымдану тәртібі

20

20. Комитеттің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану, сондай-ақ шағымды әзірлеуге көмек көрсету тәртібін түсіндіруді осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитеттің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының заң қызметінің маманы жүзеге асырады.

21

21. Мемлекеттік қызмет ұсыну нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты 5-кіреберіс, е-mаіl: оорt@mіnаgrі.kz. мекенжайы бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Комитет төрағасының атына білдіреді.

22 22. Лауазымды адамдар сыпайы қызмет көрсетпеген жағдайда шағым Комитеттің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары басшысының атына осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

23 23. Мемлекеттік қызмет ұсыну нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24 24. Шағым дәлелді бас тарту көшірмесі қоса беріле отырып, еркін нысанда жазбаша беріледі.

25 25. Қабылданған шағым осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Комитеттің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері және кәсіпорындарының кеңселерінде ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі.

Шағым берген тұтынушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты мекенжайлары осы Стандарттқа 1-қосымшада көрсетілген Комитеттің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары кеңселерінің қызметкерлерінен алуға болады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

26 26. Тұтынушы қосымша ақпаратты осы Стандарттағы 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитеттің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарынан алуына болады.

90 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының мекенжайы

«Ағаш кесу және орман билетін беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының мекенжайы
Ұй­ым­ның ата­уы
Заң­ды ме­кен­жайы
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі Ор­ман және аң­шы­лық ша­ру­аш­лы­ғы ко­ми­те­ті­нің қа­ра­ма­ғын­да­ғы ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы ме­ке­ме­ле­рі
Мем­ле­кет­тік та­би­ғи қо­рық­тар
Ақ­су-Жа­ба­ғы­лы
161310, Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы, Түл­кі­бас ауда­ны, Жа­бағ­лы а., Абай кө­ше­сі, 28
725-3-85-66-33
Ала­көл
040200, Ал­ма­ты об­лы­сы, Ала­көл ауда­ны, Үша­рал қ., Қа­бан­бай ба­тыр кө­ше­сі, 32
728-3-32-26-63
Ал­ма­ты
041600, Ал­ма­ты об­лы­сы, Тал­ғар қа­ла­сы, Ақ­қу кен­ті, 1
727-7-42-36-56
Бар­са­кел­мес
120100, Қы­зы­лор­да об­лы­сы, Арал қа­ла­сы, Ми­ли­ция кө­ше­сі, 14
724-3-32-22-31
Ба­тыс-Ал­тай
071300, Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы, Рид­дер қа­ла­сы, Се­ми­па­ла­тин­ская кө­ше­сі, 9
723-3-62-69-27
Қа­ра­тау
160400, Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы, Кен­тау қа­ла­сы, Уа­ли­ха­нов кө­ше­сі, 17
725-3-62-69-66
Қор­ғал­жын
021300, Ақ­мо­ла об­лы­сы, Қор­ғал­жын кен­ті, Ма­ди­на кө­ше­сі, 20
716-3-72-16-50
Мар­қа­көл
071217, Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы, Күр­шім ауда­ны, Урун­хай ауы­лы.
723-3-04-43-19
На­уры­зым
111400, Қо­ста­най об­лы­сы, Қа­ра­мең­ді ауы­лы, Лес­ная кө­ше­сі, 5
714-5-49-11-41
Үстірт
130200, Маң­ғы­стау об­лы­сы, Жа­ңа­ө­зен ауы­лы, Спор­тив­ный кө­ше­сі, 7
729-3-44-38-33
Мем­ле­кет­тік ұлт­тық та­би­ғи парк­тер
«Ал­тын-Емел»
041103, Ал­ма­ты об­лы­сы, Кер­бұ­лақ ауда­ны, Бас­шы ауы­лы, Мәме­то­ва кө­ше­сі, 1
728-4-03-18-53
Ба­я­на­уыл
140300, Пав­ло­дар об­лы­сы, Ба­я­на­уыл ауда­ны, Ба­я­на­уыл кен­ті, Шо­най кө­ше­сі.
718-4-09-10-54
Іле-Ала­тау
Ал­ма­ты қа­ла­сы, Қа­ра­сай ауда­ны, Ка­мен­ка ауы­лы, Жан­до­сов кө­ше­сі, 1
727-2-28-58-88
Қар­қа­ра­лы
100800, Қа­ра­ған­ды об­лы­сы, Қар­қа­ра­лы, М. Ма­мы­ра­ев кө­ше­сі, 1
721-4-63-12-14
Ка­тон­қа­ра­ғай
070908, Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы, Ка­тон-Қа­ра­ғай ауда­ны, Ка­тон-Ка­ра­ғай ауы­лы, О. Бе­ке­ев кө­ше­сі, 115
723-4-22-13-45
«Көк­ше­тау»
020000, Кек­ше­тау қа­ла­сы, Те­мір­бе­ков кө­ше­сі, 54
716-2-25-12-30
«Көл­сай көл­де­рі»
041422, Ал­ма­ты об­лы­сы, Рай­ым­бек ауда­ны, Са­ты ауы­лы, Ұл­та­ра­қов кө­ше­сі, 38
727-7-72-76-81
Сай­рам-Өгем
160009, Шым­кент қа­ла­сы, Жел­тоқ­сан кө­ше­сі, 18
725-2-23-33-22
Ша­рын
041800, Ал­ма­ты об­лы­сы, Ұй­ғыр ауда­ны, Шон­жы ауы­лы, Қа­дыр­ба­ев кө­ше­сі, 4
727-7-82-14-33
Мем­ле­кет­тік та­би­ғи ре­зер­ват­тар
Ақ­жай­ық
060027, Аты­рау об­лы­сы, Аты­рау қа­ла­сы, При­вок­зв­лъ­ный 5, ық­шам ауда­ны
«Ер­тіс ор­ма­ны»
141113, Пав­ло­дар об­лы­сы, Шар­бақ­ты ауда­ны, Шал­дай ауы­лы, Ле­ни­на кө­ше­сі, 60
718-3-62-17-81
Ыр­ғыз-Тор­ғай
030400, Ақ­тө­бе об­лы­сы, Ыр­ғыз ауы­лы, Жүр­ге­нов кө­ше­сі, 70
713-4-32-17-76
«Се­мей ор­ма­ны»
071400, Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы, Қы­зыл кор­дон кен­ті, Түк­ті­ба­ев кө­ше­сі, 19
722-2-51-45-06
Ор­ман се­лек­ци­я­лық ор­та­лық­та­ры
Ал­ма­ты
050002, Ал­ма­ты қа­ла­сы, Бай­шев кө­ше­сі, 23
727-2-39-85-98
Көк­ше­тау
021710, Щу­чинск қ., Ақ­мо­ла об­лы­сы, «Школь­ное лес­ни­че­ство» кор­до­ны
716-3-64-12-74
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі Ор­ман және аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­ми­те­ті­нің қа­ра­ма­ғын­да­ғы кә­сі­по­рын­дар
Сан­дық­тау оқу-өн­ді­рі­стік ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы
021400, Ақ­мо­ла об­лы­сы, Сан­дық­тау ауда­ны, Ху­то­рок к.
716-4-09-27-82
«Жа­сыл ай­мақ» РМК
010000, Аста­на қ., При­го­род­ный кен­ті, Школь­ная кө­ше­сі, 1 а
717-2-28-63-53

91 Кесте. Сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мәні

«Ағаш кесу және орман билетін беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Са­па­сы мен ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш­тің нор­ма­тив­тік мәні
Ке­ле­сі жы­л­ғы көр­сет­кіш­тің мақ­сат­ты мәні
Есеп­ті жыл­да­ғы көр­сет­кіш­тің ағым­да­ғы мәні
1
2
3
4
1. Уа­қы­ты­лы­лы­ғы
1.1. құ­жат тап­сы­ры­л­ған сәт­тен ба­стап қыз­мет­ті бел­гі­лен­ген мер­зім­де көр­се­ту жағ­дай­ла­ры­ның % (үле­сі)
2. Са­па­сы
2.1. қыз­мет көр­се­ту үде­рі­сі­нің са­па­сы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
3. Қол­же­тім­ді­лік
3.1. қыз­мет көр­се­ту са­па­сы­на және оны көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­қа қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
3.2. ақ­па­ра­ты­на элек­трон­ды фор­мат­та қол жет­кізу­ге бо­ла­тын қыз­мет­тер % (үле­сі)
4. Ша­ғым­да­ну үде­рі­сі
4.1. ша­ғым­да­ну­дың қа­зір­гі тәр­ті­біне қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. пер­со­нал­дың сы­пай­ы­лы­ғы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)

92 «Аңшы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 403 қаулысымен
бекітілген
«Аңшы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Аңшы куәлігін беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - Аумақтық инспекция) осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 10) тармақшасы, «Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 301 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің 131-тармағы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mіnаgrі.gоv.kz интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер бөлімінде» «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» кіші бөлімінде және Аумақтық инспекциялар үй-жайларының стенділерінде осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналастырылған.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі аңшы куәлігін (бұдан әрі — аңшы куәлігі) (аңшы куәлігінің телнұсқасы) қағаз тасығышта беру немесе оны беруден жазбаша нысанда дәлелді бас тарту болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде ұсынылады:
1) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет ұсыну мерзімі:
емтихан тапсырудың оң нәтижесін ескеріп - күнтізбелік 74 (жетпіс төрт) күн ішінде;
емтиханды қайта тапсыру нәтижесін ескеріп - 140 (бір жүз қырық) жұмыс күні ішінде;
оның ішінде:
Аумақтық инспекция қабылданған құжаттарды тіркеуді және ұсынылған құжаттар бойынша - 2 (екі) жұмыс күні ішінде шешім қабылдауды жүзеге асырады.
емтихан тапсыру кезеңі - 2 (екі) айдан аспайды;
емтиханның оң нәтижесі болған жағдайда аңшы куәлігін беру - күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жүргізіледі;
емтиханның теріс нәтижесі болса, Аумақтық инспекцияның лауазымды адамы тұтынушыны емтихан тапсырған күні хабардар етеді;
емтиханды қайта тапсыру кезеңі - 2 (екі) айдан аспайды;
2) мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды.
8. Аңшы куәлігін беру үшін мемлекеттік баж алынады. Мемлекеттік баж «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес белгіленген төлем жасалған күні мен мөлшерін растайтын төлем құжаттарын беретін банктер немесе аңшы куәлігі берілген жер бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен қолма қол ақшамен төленеді. Мемлекеттік баж аңшы куәлігі берілгенге дейін төленеді.
9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ұсынылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетілусіз, кезекке тұру тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту және құжаттарды дайындау үшін (күту креслолары, құжаттарды толтыру үшін орындар қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталған) жағдай жасалады. Аумақтық инспекциялардың ғимараттары физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған қолайлы пандустары бар кіру есігімен жабдықталады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметі алуға арналған қажетті құжаттар тізбесі:
1) еркін нысанда жазылған өтініш;
2) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша сауалнама;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі (азаматтығы жоқ және шетел азаматтары үшін - аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыруға арналған шарттың және тұратын елінде берілген оның аң аулау құқығын куәландыратын құжаттың, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алу құжатының көшірмесі);
4) жеке тұлғаның ол көрсеткен тұрғылықты жері бойынша тұратынын (тіркелгенін) растайтын құжат;
5) Қазақстан Республикасы салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;
6) өлшемі 3x4 см фотосурет (түрлі-түсті) - 3 дана;
7) аңшылық минимумы бойынша курсты аяқтағаны туралы сертификаттың көшірмесі;
8) аңшы куәлігін беру үшін мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат.
Егер жоғалса немесе қолдану мерзімі аяқталғанға дейінгі жарамсыз болған жағдайда, аңшы куәлігінің телнұсқасын алу үшін:
1) өтініш нысанда толтырылады.
2) өлшем 3 х 4 см фотосурет (түрлі-түсті) - 3 дана қажет.
Аңшы куәлігінің телнұсқасын беру аңшының есеп карточкасы негізінде жүргізіледі.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті еркін нысанда толтырылады.
13. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш және оған қажетті құжаттарды осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Аумақтық инспекцияға тапсырады.
14. Тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат тіркеу күні мен нөмірі және мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетілген талон болып табылады.
15. Аңшы куәлігін (аңшы куәлігінің телнұсқасын) беру тұтынушы жеке келген кезде жүзеге асырылады.
16. Осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық көлемде ұсынылмауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Аумақтық инспекциялардың мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды адамдары өз қызметінде:
1) қарапайымдылық таныту, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және пайдаланбау;
2) сыпайы және әдепті болу;
3) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеу, олар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдану;
4) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғау және оның құпиялылығын сақтауды қамтамасыз етуді басшылыққа алады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі жұмыс нәтижелері осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Аумақтық инспекциялардың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Аумақтық инспекцияның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану, сондай-ақ шағымды әзірлеуге көмек көрсету тәртібін түсіндіруді осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Аумақтық инспекцияның заң қызметтерінің маманы жүзеге асырады.
21. Мемлекеттік қызмет ұсыну нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының атына: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5 кіреберіс, Fauna@mіnаgrі.kz e-mail, мекен-жайы бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін беріледі.
22. Сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Аумақтық инспекция басшысының атына осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.
23. Мемлекеттік қызмет ұсыну нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым дәлелді бас тарту көшірмесі қоса беріле отырып, еркін нысанда жазбаша беріледі.
25. Қабылданған шағым осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Аумақтық инспекциялардың кеңселерінде ақпараты есепке алу журналында тіркеледі. Шағым берген тұтынушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты мекенжайлары осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Аумақтық инспекциялар кеңселерінің қызметкерлерінен алуға болады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
26. Тұтынушы қосымша ақпаратты осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Аумақтық инспекцияның кеңсесінен алуына болады.

93 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің облыстық аумақтық инспекцияларының мекенжайлары

«Аңшы куәлігін беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің облыстық аумақтық инспекцияларының мекенжайлары
Р/с

Об­лы­стық аумақ­тық ин­спек­ци­я­лар
Заң­ды ме­кен­жайы
Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны, элек­трон­дық по­шта ад­ре­сі
1.
Ақ­мо­ла
Көк­ше­тау қа­ла­сы, Гро­мов кө­ше­сі, 21 үй
те­ле­фон­дар: 8-716-2-31-55-87; 8-716-2-31-57-11; е-mа­іl: akmolles@mа­іl.ru; оhоtа_kоksһ@mа­іl.кz.
2.
Ақ­тө­бе
Ақ­тө­бе қа­ла­сы, На­бе­реж­ная кө­ше­сі, 11 үй
те­ле­фон­дар: 8-713-2-21-01-09; 8-713-2-21-01-09; е-mа­іl: аktоbе.оtіlоһ@mа­іl.ru
3.
Аты­рау
Аты­рау қа­ла­сы, Кұ­баш Ме­де­убай­ұ­лы кө­ше­сі, 33 үй
те­ле­фон­дар: 8-712-2-28-04-35; 8-712-2-28-02-51; е-mа­іl: lеsоhоthоz@mа­іl.ru
4.
Ал­ма­ты
Тал­ды­қор­ған қа­ла­сы, Лес­ная по­ля­на кө­ше­сі, 1 үй
те­ле­фон­дар: 8-728-2-27-01-03; 8-728-2-27-23-15; е-mа­іl: ріhtа_tkоrgаn@mа­іl.ru
5.
Шы­ғыс Қа­зақ­стан
Өс­ке­мен қа­ла­сы, Тоқ­та­ров, кө­ше­сі, 40 үй
те­ле­фон­дар: 8-723-2-26-31-80; 8-723-2-26-31-80; е-mа­іl: bіоrеsursу@mа­і1.ru
6.
Жам­был
Та­раз қа­ла­сы, әл-Фа­ра­би, к-сі, 11 үй
те­ле­фон­дар: 8-726-2-34-12-84; 8-726-2-34-12-84; е-mа­іl: tаrаzcоntrоl@mіnаgrі.kz
7.
Ба­тыс Қа­зақ­стан
Орал қа­ла­сы, Аман­жо­лов, кө­ше­сі, 75 үй
те­ле­фон­дар: 8-711-2-51-40-76; 8-711-2-50-79-22; е-mа­іl: Ваtуswо­оd_59@mа­іl.kz
8.
Қа­ра­ған­ды
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы, Кры­лов, кө­ше­сі, 20 үй
те­ле­фон­дар: 8-721-2-41-58-69; 8-721-2-41-58-73; е-mail: upravlinie@​topmail.​kz
9.
Қы­зы­лор­да
Қы­зы­лор­да қа­ла­сы, Абай к-сі, 48 үй
те­ле­фон­дар: 8-724-22-3-55-20; 8-724-22-3-50-87; е-mа­іl: turеbа­еv_lеsоhоt@mа­іl.ru
10.
Қо­ста­най
Қо­ста­най қа­ла­сы, Га­га­рин кө­ше­сі, 85 «А» үй
те­ле­фон­дар: 8-714-2-54-30-60; 8-714-2-54-28-34; е-mа­іl: lеs_kst@mа­іl.ru
11.
Маң­ғы­стау
Ақ­тау қа­ла­сы, 3 ша­ғын аудан, 67 үй
те­ле­фон­дар: 8-729-2-52-40-06; 8-729-2-52-40-08; е-mа­іl: mаngistau.lеshоz@mа­і1.ru
12.
Пав­ло­дар
Пав­ло­дар қа­ла­сы, Во­ру­шин, кө­ше­сі, 92 үй
те­ле­фон­дар: 8-718-2-57-10-39; 8-718-2-57-37-96; е-mа­іl: kеdrО­ТІ@уаndех.ru
13.
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан
Пет­ро­павл қа­ла­сы, Ж. Жа­ба­ев, кө­ше­сі, 241 үй
те­ле­фон­дар: 8-715-2-42-57-70; 8-715-2-42-57-79; е-mа­іl: Lеs_реtrо­раvl@mа­іl.ru
14.
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан
Шым­кент қа­ла­сы, Лес­хоз кен­ті
те­ле­фон­дар: 8-725-2-57-03-31; 8-725-2-57-15-84; е-mа­іl: gоsnаdzоr_99@mа­і1.ru

94 1. Аңшылық минимумы жөніндегі бағдарламаның курсынан еткені туралы белгі

«Аңшы куәлігін беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
2-қосымша
3x4 см                                                     Нысан
фотосуретке                                             Алдыңғы беті
арналған орын
М.О.                         Сауалнама
Тегі_________________________________________________________________
Аты_________________________________Әкесінің аты_____________________
Туған күні «___»_______________ж.
Азаматтығы___________________________________________________________
Жеке куәлігі/төлқұжаты_______________________________________________
СТН (ЖСН)____________________________________________________________
Үйінің мекенжайы, телефоны___________________________________________
_____________________________________________________________________
(облыстық орман және аңшылық шаруашылығы
____________________________________________________________бастығына
аумақтық инспекциясынын атауы)
аңшы куәлігін беру__________________________________________________/
(аңшы куәлігін берген ұйымның атауы және берген күні)
берген №________________________________________________ауыстыру үшін
келесі құжаттар беріледі.
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі (азаматтығы жоқ және шетелдік азаматтар үшін - аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының және оның аң аулау құқығын куәландыратын тұратын елінде берілген құжаттың және жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алу құжатының көшірмесі);
2)_____________________________________________________________
(өтініш берушінің сауалнамада көрсетілген мекенжайы бойынша тұратынын растайтын құжат)
3) Қазақстан Республикасы салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;
4) өлшемі 3 х 4 см фотосурет (түрлі түсті) - 3 дана;
5) аңшылық минимумы жөніндегі бағдарламаның курсын аяқтағаны туралы сертификаттың көшірмесі.
Жеке тұлғаның қолы_________________/__________________________/
(Т.А.Ә.)
Күні «___»_____20___ж.
Өті­ніш­ті қа­был­да­ған____________________________________________________
______________________________________________________________
(Өті­ніш­ті қа­был­да­ған адам­ның Т.А.Ә, ла­у­а­зы­мы, қо­лы)
Кү­ні 20__ж. «___»_______
1. Аңшылық минимумы жөніндегі бағдарламаның курсынан еткені туралы белгі
Аң­шы­лық ми­ни­му­мы жө­нін­де­гі бағ­дар­ла­ма­ның кур­сы 20___ж.«__»___
ба­стап 20___ж. «__»____а­ра­лы­ғын­да өт­ті.
Кур­сты аяқ­та­ға­ны ту­ра­лы құ­жат 20__ж. «___»_____­бе­ріл­ді.
Кур­сты өт­кіз­ген ұй­ым бас­шы­сы­ның қо­лы­_________________________
_____________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
М.О.      Кү­ні 20__ж. «___»_______
2. Емтиханға жіберілгені туралы белгі
Ем­ти­хан­ға_____________________________________________________
(жі­бе­ріл­ді/жі­бе­рі­л­ген жоқ)
Ем­ти­хан тап­сы­ру­ға жі­бе­ру­ден бас тар­ту негіз­де­ме­сі_____________
Ла­у­а­зым­ды адам­ның қо­лы­____________________/___________________
М.О.      Кү­ні 20__ж. «___»_______
Ем­ти­ханды қай­та­дан тап­сы­ру­ға__________________________________
(жі­бе­ріл­ді/жі­бе­рі­л­ген жоқ)
Ем­ти­ханды қай­та­дан тап­сы­ру­ға жі­бе­ру­ден бас тар­ту негіз­де­ме­сі__
______________________________________________________________
Ла­у­а­зым­ды адам­ның қо­лы­_________________________/______________/
Та­ны­стым, же­ке тұл­ға­ның қо­лы/______________________/__________
М.О. Кү­ні 20__ж. «___»_______
3. Емтихан нәтижелері туралы белгі
Тест тап­сыр­ма­сы­ның нө­мі­рі______
Ем­ти­хан нәти­же­ле­рі:
дұ­рыс жа­у­ап­тар_________________
(жа­у­ап­тар са­ны)
бұ­рыс жа­у­ап­тар_________________
(сұ­рақ­тар са­ны)
жі­бе­рі­л­ген қа­те­лік­тер__________
(сұ­рақ­тар са­ны)
Тест тап­сыр­ма­сы­ның нө­мі­рі______
Ем­ти­хан нәти­же­ле­рі:
дұ­рыс жа­у­ап­тар_________________
(жа­у­ап­тар са­ны)
бұ­рыс жа­у­ап­тар_________________
(сұ­рақ­тар са­ны)
жі­бе­рі­л­ген қа­те­лер_____________
(сұ­рақ­тар са­ны)
Ем­ти­хан­ның нәти­же­сі:__________
Ем­ти­хан_______________________
(тап­сы­рыл­ды/тап­сы­ры­л­ған жоқ)
Ем­ти­хан ко­мис­си­я­сы­ның
хат­шы­сы­_______________________
(Т.А.Ә., қо­лы)
Кү­ні 20___ж.«__»___________
Та­ны­стым, же­ке тұл­ға­ның қо­лы /_________ /
Ем­ти­хан­ның нәти­же­сі:
Ем­ти­хан_______________________
(тап­сы­рыл­ды/тап­сы­ры­л­ған жоқ)
Ем­ти­хан ко­мис­си­я­сы­ның
хат­шы­сы­_______________________
(Т.А.Ә., қо­лы)
Кү­ні 20 ж.«__»______ Та­ны­стым,
же­ке тұл­ға­ның қо­лы /_________ /

95 Кесте. Сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мәні

«Аңшы куәлігін беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
3-қосымша
Кесте. Сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Са­па­сы мен ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш­тің нор­ма­тив­тік мәні
Ке­ле­сі жы­л­ғы көр­сет­кіш­тің мақ­сат­ты мәні
Есеп­ті жыл­да­ғы көр­сет­кіш­тің ағым­да­ғы мәні
1
2
3
4
1. Уа­қы­ты­лы­лы­ғы
1.1. құ­жат тап­сы­ры­л­ған сәт­тен ба­стап қыз­мет­ті бел­гі­лен­ген мер­зім­де көр­се­ту жағ­дай­ла­ры­ның % (үле­сі)
2. Са­па­сы
2.1. қыз­мет көр­се­ту үде­рі­сі­нің са­па­сы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
3. Қол­же­тім­ді­лік
3.1. қыз­мет көр­се­ту са­па­сы­на және оны көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­қа қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
3.2. ақ­па­ра­ты­на элек­трон­ды фор­мат­та қол жет­кізу­ге бо­ла­тын қыз­мет­тер % (үле­сі)
4. Ша­ғым­да­ну үде­рі­сі
4.1. ша­ғым­да­ну­дың қа­зір­гі тәр­ті­біне қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. пер­со­нал­дың сы­пай­ы­лы­ғы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)

Қолданыстағы