Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта государственной услуги "Проведение регистрации и перерегистрации лиц, осуществляющих миссионерскую деятельность" и о внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745 "Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам"

Қаулы · № 211 · қабылданған 07.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2010-no-745-ekb-63425/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении стандарта государственной услуги "Проведение регистрации и перерегистрации лиц, осуществляющих миссионерскую деятельность" и о внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745 "Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам" Күшін жойған Қаулы ·№ 211 ·07.02.2012
24.02.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта государственной услуги "Проведение регистрации и перерегистрации лиц, осуществляющих миссионерскую деятельность" и о внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745 "Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам"

Күшін жойған Қаулы ·№ 211 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта государственной услуги "Проведение регистрации и перерегистрации лиц, осуществляющих миссионерскую деятельность" и о внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745 "Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам"
Атауы (қаз.)
"Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
211
Қабылданған күні
07.02.2012
Көрсетілген редакция
24.02.2014 AI63425_6.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000211
ЭКБ идентификаторы
63425
Редакция идентификаторы
AI63425_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:08

0

"Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса беріліп отырған «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

«Миссионерлерді және заңды тұлға белгілері жоқ аз діни топтарды есептік тіркеу және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 20 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 13, 166-құжат);
«Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 7 ақпандағы
№ 211 қаулысымен
бекiтiлген
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – Департаменттер) көрсетеді.

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3 3. Мемлекеттік қызмет «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 8-бабы негізінде жүзеге асырылады.

4 4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Үкіметтің www.e.gov.kz электрондық порталында, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің www.din.gov.kz интернет-ресурсында, Департаменттердің ақпараттық стенділерінде орналастырылған.

5 5. Миссионерді тіркеу және қайта тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) беру не куәлік беруден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

Куәлік осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде қағаз жеткізгіште ресімделеді.

6 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1 1) мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:

тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап – күнтізбелік отыз күн;
тұтынушы ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін діни сараптама жүргізу кезінде тіркеу немесе қайта тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады. Сараптама Департаменттерге сараптама объектісі келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзiмде жүргiзiледi. Сараптама жүргiзу үшiн сарапшының (сарапшылардың) қосымша материалдар мен ақпаратты зерделеуі қажет болған жағдайда, сараптама жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк отыз күнге ұзартылуы мүмкiн.

2 2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 40 минуттан аспайды;

3 3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;

4 4) куәлікті алу кезіндегі күту уақыты – 1 сағаттан аспайды.

8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9 9. Мемлекеттік қызмет күн сайын осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Департаменттердің жұмыс кестесіне сәйкес көрсетіледі.

Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10

10. Мемлекеттік қызмет Департамент ғимаратында жүзеге асырылады. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру есігі бөлек рұқсаттама бюросы беретін біржолғы рұқсаттама бойынша жүзеге асырылады. Біржолғы рұқсаттама Департаменттің тікелей қызмет көрсетуші лауазымды адамының телефон арқылы берген өтінімі бойынша ресімделеді.
Құқық тәртібін сақтау үшін ғимаратта тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа да қауіпсіздік шаралары көзделген. Кіреберістің алды мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

11 11. Тұтынушы (не сенімхат бойынша өкіл) мемлекеттік қызметті алу үшін департаменттерге мынадай құжаттарды:

1 1) паспорттың немесе жеке куәліктің көшірмесін;

2 2) миссионерлік қызмет аумағы мен мерзімі көрсетілген өтінішті;

3 3) діни бірлестік берген діни бірлестіктің атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжатты;

4 4) миссионер өкілі болып табылатын діни бірлестіктің Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің және оның жарғысының көшірмелерін;

5 5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды ұсынады.

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар миссионер ретінде тіркелу үшін Департаменттерге қосымша мынадай құжаттарды:
миссионер өкілдік етіп отырған діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжатты;
Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыру құжатын ұсынады.
Шет мемлекеттер берген құжаттардың қазақ және орыс тілдеріне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашының қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрінде табыс етіледі.
Тұтынушы көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде паспортын немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатты көрсетеді.
Осы тармақта көрсетiлген құжаттарды алған кезде Департамент олардың толықтығы мен дұрыстығын тексереді. Құжаттардың толық және дұрыс болмауы фактілері белгіленген жағдайда Департамент құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыны ұсынылған құжаттарды қараудан бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.

12 12. Өтініш үлгісі Үкіметтің www.e.gov.kz электрондық порталында, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің www.din.gov.kz интернет ресурсында және осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген Департаменттердің ақпараттық стенділеріне орналастырылған.

13 13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген департаменттерге тапсырылады.

14 14. Департаменттің тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) қойылған тұтынушы өтінішінің көшірмесі құжаттар мен заттардың өткізілгендігін растау болып табылады.

15 15. Тұтынушыға (не сенімхат бойынша өкілге) куәлік осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайларға жеке өзі келгенде беріледі.

Куәліктің берілуі берілген куәліктер журналында тіркеледі.

16 16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізі:

1 1) дінтану сараптамасының теріс қорытындысы;

2 2) конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін миссионерлік қызмет болып табылады.

3 3. Жұмыс қағидаттары

17

17. Департамент мемлекеттік қызметтерді ұсыну кезінде мынадай: адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, заңдылықтың сақталуы, көрсетілетін қызмет туралы толық ақпараттың берілуі, әдептілік, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, ақпаратты қорғау және құпиялылығын сақтау қағидаттарын басшылыққа алады.

4 4. Жұмыс нәтижелері

18 18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19 19. Департаменттердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Агенттік басшысының бұйрығымен бекітіледі.

5 5. Шағымдану тәртібі

20 20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Департаменттердің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі түсіндіреді.

21 21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының тиісті Департаментке шағымдануға құқығы бар.

22 22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым жазбаша түрде пошта арқылы не Департаменттердің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі арқылы қолма-қол беріледі.

23 23. Шағымды тиісті Департаменттің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі тіркейді. Шағым беруші адамға өтініштің тіркелген уақыты мен күні, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген қолхат беріледі.

Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген телефондар арқылы алуға болады.
Шағымды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

1 Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының Дін істері департаменттерінің мекенжайлары мен жұмыс кестелері

«Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын тұлғаларды тіркеуді және
қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік
қызмет стандартына
1-қосымша
Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының Дін істері департаменттерінің мекенжайлары мен жұмыс кестелері
р/с №
Ата­уы
Ме­кен­жайы
Те­ле­фон нө­мір­ле­рі
Элек­трон­дық
по­шта ме­кен­жайы
Жұ­мыс кесте­сі
1
2
3
4
5
6
1.
Ақ­мо­ла об­лы­стық Дін іс­те­рі де­пар­та­мен­ті
Көк­ше­тау қ., Сәт­па­ев көш., 1 «б»
8-7162-401603
akmola@ din.​gov.​kz
Жұ­мыс күн­де­рі:
дүй­сен­бі – жұ­ма
Жұ­мыс уа­қы­ты: сағ: 09.00-ден
18.00-ге дей­ін,
үзі­ліс:13.00-ден 14.00-ге дей­ін Де­ма­лыс: Сен­бі – жек­сен­бі
2.
Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның Дін іс­те­рі де­пар­та­мен­ті
Ақ­тө­бе қ., Әбiл­қай­ыр хан даңғ., 40
8-7132-52343, 8-7132-46006
aktobe@ din.​gov.​kz
Жұ­мыс күн­де­рі:
дүй­сен­бі – жұ­ма
Жұ­мыс уа­қы­ты: сағ:09.00-ден
18.00-ге дей­ін,
үзі­ліс: 13.00-ден 14.00-ге дей­ін Де­ма­лыс: сен­бі – жек­сен­бі
3.
Ал­ма­ты об­лы­сы­ның Дін іс­те­рі де­пар­та­мен­ті
Тал­ды­қор­ған қ., Тәу­ел­сiздiк көш., 38
8-7282-270638
zhetysu@ din.​gov.​kz
Жұ­мыс күн­де­рі:
дүй­сен­бі – жұ­ма
Жұ­мыс уа­қы­ты: сағ: 09.00-ден
18.00-ге дей­ін,
үзі­ліс: 13.00-ден 14.00-ге дей­ін Де­ма­лыс: сен­бі – жек­сен­бі
4.
Аты­рау об­лы­сы­ның Дін іс­те­рі де­пар­та­мен­ті
Аты­рау қ., Әй­те­ке би көш., 77
8-7122-357464
atyrau@ din.​gov.​kz
Жұ­мыс күн­де­рі: дүй­сен­бі – жұ­ма
Жұ­мыс уа­қы­ты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дей­ін, үзі­ліс:13.00-ден 14.00-ге дей­ін
Де­ма­лыс: сен­бі – жек­сен­бі
5.
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Дін іс­те­рі де­пар­та­мен­ті
Орал қ., Мол­да­ға­ли­ев көш., 19
8-7112-506395
batys@ din.​gov.​kz
Жұ­мыс күн­де­рі:
дүй­сен­бі – жұ­ма
Жұ­мыс уа­қы­ты: сағ:09.00-ден
18.00-ге дей­ін,
үзі­ліс:13.00-ден 14.00-ге дей­ін Де­ма­лыс: сен­бі – жек­сен­бі
6.
Жам­был об­лы­сы­ның Дін іс­те­рі де­пар­та­мен­ті
Та­раз қ., До­стық даң­ғы­лы, 1
8-7262-438006
zhambyl@ din.​gov.​kz
Жұ­мыс күн­де­рі:
дүй­сен­бі – жұ­ма
Жұ­мыс уа­қы­ты: сағ:09.00-ден
18.00-ге дей­ін,
үзі­ліс: 13.00-ден 14.00-ге дей­ін Де­ма­лыс: сен­бі – жек­сен­бі
7.
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның Дін іс­те­рі де­пар­та­мен­ті
Қа­ра­ған­ды қ., Бей­бiт­шiлiк көш., 39
8-7212-20752, 8-7212-413410
karaganda@ din.​gov.​kz
Жұ­мыс күн­де­рі:
дүй­сен­бі – жұ­ма
Жұ­мыс уа­қы­ты: сағ:09.00-ден
18.00-ге дей­ін,
үзі­ліс: 13.00-ден 14.00-ге дей­ін Де­ма­лыс: сен­бі – жек­сен­бі
8.
Қо­ста­най об­лы­сы­ның Дін іс­те­рі де­пар­та­мен­ті
Қо­ста­най қ., Әл-Фа­ра­би көш., 66
8-7142-500633
kostanay@ din.​gov.​kz
Жұ­мыс күн­де­рі:
дүй­сен­бі – жұ­ма
Жұ­мыс уа­қы­ты: сағ:09.00-ден
18.00-ге дей­ін,
үзі­ліс:13.00-ден 14.00-ге дей­ін­Де­ма­лыс: сен­бі – жек­сен­бі
9.
Қы­зы­лор­да об­лы­сы­ның Дін іс­те­рі де­пар­та­мен­ті
Қы­зы­лор­да қ., Жа­қа­ев көш., 76
8-7242-263874
kyzylorda@ din.​gov.​kz
Жұ­мыс күн­де­рі:
дүй­сен­бі – жұ­ма
Жұ­мыс уа­қы­ты: сағ:09.00-ден
18.00-ге дей­ін,
үзі­ліс: 13.00-ден 14.00-ге дей­ін Де­ма­лыс: сен­бі – жек­сен­бі
10.
Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның Дін іс­те­рі де­пар­та­мен­ті
Ақ­тау қ., 14 ша­ғын ауда­ны, 1 үй
8-7292-430332
mangystau@ din.​gov.​kz
Жұ­мыс күн­де­рі:
дүй­сен­бі – жұ­ма
Жұ­мыс уа­қы­ты: сағ:09.00-ден
18.00-ге дей­ін,
үзі­ліс: 13.00-ден 14.00-ге дей­ін Де­ма­лыс: сен­бі – жек­сен­бі
11.
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Дін іс­те­рі де­пар­та­мен­ті
Шым­кент қ., Бей­бiт­шiлiк көш., 3
8-7252-231640
ontustik@
din.​gov.​kz
Жұ­мыс күн­де­рі: дүй­сен­бі – жұ­ма
Жұ­мыс уа­қы­ты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дей­ін, үзі­ліс:13.00-ден 14.00-ге дей­ін
Де­ма­лыс: сен­бі – жек­сен­бі
12.
Пав­ло­дар об­лы­сы­ның Дін іс­те­рі де­пар­та­мен­ті
Пав­ло­дар қ., Жеңiс ала­ңы, 15
8-7182-327325
pavlodar@ din.​gov.​kz
Жұ­мыс күн­де­рі: дүй­сен­бі – жұ­ма
Жұ­мыс уа­қы­ты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дей­ін, үзі­ліс:13.00-ден 14.00-ге дей­ін
Де­ма­лыс: сен­бі – жек­сен­бі
13.
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Дін іс­те­рі де­пар­та­мен­ті
Пет­ро­павл қ., Кон­сти­ту­ция көш., 58
8-7152-463025
sko@​din.​gov.​kz
Жұ­мыс күн­де­рі:
дүй­сен­бі – жұ­ма
Жұ­мыс уа­қы­ты: сағ:09.00-ден
18.00-ге дей­ін,
үзі­ліс: 13.00-ден 14.00-ге дей­ін Де­ма­лыс: сен­бі – жек­сен­бі
14.
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Дін іс­те­рі де­пар­та­мен­ті
Өс­ке­мен қ., М. Горь­кий көш., 40
8-7232-55024
shygys@​din.​gov.​kz
Жұ­мыс күн­де­рі: дүй­сен­бі – жұ­ма
Жұ­мыс уа­қы­ты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дей­ін, үзі­ліс:13.00-ден 14.00-ге дей­ін
Де­ма­лыс: сен­бі – жек­сен­бі
15.
Аста­на қа­ла­сы­ның Дін іс­те­рі де­пар­та­мен­ті
Аста­на қ., Бей­бiт­шiлiк көш., 11
8-7172-327421
astana@​din.​gov.​kz
Жұ­мыс күн­де­рі:
дүй­сен­бі – жұ­ма
Жұ­мыс уа­қы­ты: сағ:09.00-ден
18.00-ге дей­ін,
үзі­ліс: 13.00-ден 14.00-ге дей­ін Де­ма­лыс: сен­бі – жек­сен­бі
16
Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның Дін іс­те­рі де­пар­та­мен­ті
Ал­ма­ты қ., Рес­пуб­ли­ка ала­ңы, 4
8-727-668603, 8-727-2672366
almaty@​din.​gov.​kz
Жұ­мыс күн­де­рі:
дүй­сен­бі – жұ­ма
Жұ­мыс уа­қы­ты: сағ: 09.00-ден 18.00-ге дей­ін, үзі­ліс:13.00-ден 14.00-ге дей­ін
Де­ма­лыс: сен­бі – жек­сен­бі

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ Миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы КУӘЛІК № ________________________ тіркеу нөмірі

«Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын тұлғаларды тіркеуді және
қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік
қызмет стандартына
2-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ Миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы КУӘЛІК № ________________________ тіркеу нөмірі
Астана қ. 20___ж.«___» _____________
осы куәлік «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес _____________________________________________________ берілген миссионердің Т.А.Ә.
және миссионер ретінде 20___ж. «___» __________ тіркелгенін растайды.
(алғашқы тіркелген күні 20___ж. «___» __________)
Паспорт: ____________________________________________________________
Азаматтығы:__________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(діни сенімі, діни бірлестікке тиесілілігі)
Өз қызметін жүзеге асыратын аумақ шегі:______________________________
_____________________________________________________________________
Осы куәлік 20___ ж.«___» ________ дейін жарамды.
Орган басшысы Қолы
Мөр
Бланк сериясы Бланк №
_____________________

3 Миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш

«Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын тұлғаларды тіркеуді және
қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік
қызмет стандартына
3-қосымша
___________________________________________________________
(өтінішті тіркеуші органның атауы және мекенжайы)
Миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты: ___________________________
Орналасқан (тұратын) мекенжайы:
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат
(күні, нөмірі, құжатты берген орган)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Азаматтығы:__________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(діни сенімі, діни бірлестікке тиесілілігі)
Миссионерлік қызмет мерзімі: ________________________________________
Визаның қолданылу мерзімі ___________________________________________
Қызметті жүзеге асыру аумағы: _______________________________________
Мен, ___________________________________________________ миссионерлер
қызметін реттеуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының
заңнамасымен танысқанымды растаймын __________________
(қолы).
Қосымша:
Өтініш берушінің қолы ____________
Өтініш берілген күн ____________

4 Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

«Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын тұлғаларды тіркеуді және
қайта тіркеуді жүргізу»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Са­па және ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш­тің нор­ма­тив­тік мәні
Көр­сет­кіш­тің ке­ле­сі жы­л­ғы ны­са­на­лы мәні
Көр­сет­кіш­тің есеп­ті жыл­да­ғы ағым­да­ғы мәні
1
2
3
4
1. Уақ­ты­лы­лы­ғы
1.1. Құ­жат­ты тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап бел­гі­лен­ген мер­зім­де қыз­мет­ті ұсы­ну оқи­ға­ла­ры­ның %-ы (үле­сі)
2. Са­па­сы
2.1. Қыз­мет­ті ұсы­ну үде­рі­сі­нің са­па­сы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
3. Қол­же­тім­ді­лік
3.1. Қыз­мет­ті ұсы­ну­дың са­па­сы­на және оны ұсы­ну тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­қа қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
3.3. Элек­трон­дық фор­мат­та ақ­па­рат алу­ға бо­ла­тын қыз­мет­тер %-ы (үле­сі)
4. Ша­ғым­да­ну үде­рі­сі
4.1. Ша­ғым­да­ну­дың қол­да­ны­с­та­ғы тәр­ті­біне қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. Пер­со­нал­дың сы­пай­ы­лы­ғы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)

Қолданыстағы