Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышения квалификации и переподготовки кадров отрасли здравоохранения" и внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745 "Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам"

Қаулы · № 1575 · қабылданған 11.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2010-no-745-ekb-69581/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении стандарта государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышения квалификации и переподготовки кадров отрасли здравоохранения" и внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745 "Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам" Күшін жойған Қаулы ·№ 1575 ·11.12.2012
28.05.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышения квалификации и переподготовки кадров отрасли здравоохранения" и внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745 "Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1575 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышения квалификации и переподготовки кадров отрасли здравоохранения" и внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745 "Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам"
Атауы (қаз.)
"Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1575
Қабылданған күні
11.12.2012
Көрсетілген редакция
28.05.2014 AI69581_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.05.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001575
ЭКБ идентификаторы
69581
Редакция идентификаторы
AI69581_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:31

0

"Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 1575 қаулысымен
бекітілген
«Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ұйымдар) көрсетеді.
Ұйымдардың мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3

3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 175, 178-тармақтарының, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының, «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысының, «Интернатура туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 16 маусымдағы № 452 бұйрығының, «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығының, «Резидентура туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 28 бұйрығының негізінде көрсетіледі.

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz) және ұйымдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

5 5. Мыналар:

1 1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша – диплом;

2 2) жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша – диплом;

3 3) интернатураны аяқтағаннан кейін – куәлік;

4 4) жоғары оқу орнынан кейін білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша, магистратураны және докторантураны аяқтағаннан кейін – диплом, резидентураны аяқтағаннан кейін – куәлік;

5 5) қосымша кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды аяқтағаннан кейін – куәлік беру көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру оқыту бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары азаматтарға аккредиттелген білім беру оқыту бағдарламалары (мамандықтар) бойынша білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды бере алады.
Ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымдары білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды бере алады.
Қайта даярлау, біліктілігін жоғарылату туралы құжаттар «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығында бекітілген нысан бойынша беріледі.
Қайта даярлау, біліктілігін жоғарылату туралы құжаттарға ұйымның бірінші басшысы немесе оның орынбасары қол қояды және ол ұйымның мөрімен куәландырылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет ұйымда оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан өткен жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері қорытынды аттестаттау комиссиясының (біліктілік комиссиясы) немесе ұйым басшысының шешімі қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Жеке тұлғаға құжат салтанатты жағдайда жеке өзіне беріледі.
Құжатты жеке өзі алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ол белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхат бойынша басқа адамға беріледі.

8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі, осы стандарттың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың телнұсқаларын беру ұйымның бекітілген баға прейскурантына сәйкес қолма-қол және/немесе қолма-қол емес есеп айырысу бойынша ақылы түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті алушыға телнұсқа төленген соманы және күнін растайтын төлем құжаты болған кезде беріледі.

9 9. Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз, жылдамдатылған қызмет көрсетусiз, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері ұйымның iшкi тәртiбiнiң қағидаларына сәйкес түскi үзiлiспен, сағат 10:00-нан 17:00-ге дейiн көрсетіледі.

10 10. Мемлекеттік қызмет білім алушы оқудан өткен ұйымның не оның филиалының орналасу орны бойынша көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарында қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпарат орналастырылған стенділер бар.

Мемлекеттік қызмет дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға қол жетімді болу үшін пандусы бар кіреберіспен жабдықталған ғимараттарда көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

11 11. Даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжатты алу үшін жеке тұлғалар мынадай құжаттарды көрсетуі тиіс:

1 1) жеке куәлік;

2 2) кету қағазы немесе білім алушының ұйым алдында берешегінің жоқтығын растайтын өзге құжат.

12 12. Кету қағазы немесе білім алушының ұйым алдында берешегі жоқтығын растайтын өзге құжат осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

13 13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша ұйымның аталған құжаттарды тіркеуге жауапты құрылымдық бөлімшелеріне беріледі.

Мемлекеттік қызметті алушының құжаттарды ұсынуын растау оны осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың тапсырылатын күні көрсетілетін есепке алу журналына тіркеу болып табылады.

14 14. Тиiстi бiлiм беру бағдарламасының игерілуін растайтын құжат мемлекеттік қызметті алушыға қолма-қол беріледі.

15 15. Мемлекеттік қызметті ұсынуды тоқтату үшін білім алушының ұйымның алдындағы қаржылай немесе өзге де берешектері негіз болып табылады. Қаржылық немесе өзге де берешектерді жойған жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға осы стандарттың 5-тармағында көрсетілген құжат беріледі.

16 16. Құжаттардың телнұсқалары мен оларға қосымшалар жоғалған құжаттардың орнына беріледі. Телнұсқаны беру үшін құжатты жоғалтқан азаматтың ұйым басшысының атына оны жоғалту жағдайы жазылған өтініші негіз болып табылады.

Азамат құжатты жоғалғандығы туралы ақпаратты мерзімді баспасөз басылымында орналастырғаннан кейін ұйым басшысы немесе оны алмастыратын адам құжаттың телнұсқасын беру туралы шешімді қабылдайды.
Құжаттың телнұсқасы өтініш түскен күннен бастап бір айдан кешіктірмей беріледі.
Құжаттың телнұсқасы құжаттың түпнұсқасы берілген тегіне, атына және әкесінің атына беріледі.
Құжаттардың телнұсқалары телнұсқа беру туралы шешім қабылданған сәтте қолданыстағы үлгі бланкілерінде беріледі және ұйымының басшысы және оның оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қол қояды.
Берілетін құжаттың бланкісінде оң жақ жоғарғы бұрышында «Түпнұсқаның орнына берілген № ____ телнұсқа» деген мөртабан қойылады.

3 3. Жұмыс қағидаттары

17

17. Ұйымның қызметі, қызметтік міндетін орындау кезінде адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын орындау кезіндегі заңдылықтың сақталуына негізделеді және әдептілік, мемлекеттік қызметті көрсету бойынша егжей-тегжей ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4 4. Жұмыс нәтижелері

18 18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19 19. Ұйымның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткішінің нысаналы мәндері жыл сайын ұйым басшысының тиісті бұйрығымен бекітіледі.

5 5. Шағымдану тәртібі

20 20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай және телефондар бойынша ұйым кеңсесінің қызметкері түсіндіреді.

21 21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша құжатты беруге жауапты ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшысына поштамен жазбаша түрде не қолма-қол беріледі.

22 22. Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша құжатты беруге жауапты ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшысына поштамен жазбаша түрде не қолма-қол беріледі.

23 23. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

24 24. Шағым ерікті түрде беріледі.

25 25. Шағым ұйымның кеңсесінде кіріс хат-хабарды есепке алу журналында тіркеледі. Шағым берген тұлғаға шағымды қабылдаған уақыты және күні, тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып, талон беріледі.

Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген телефон бойынша алуға болады.
Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

1 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдары

«Денсаулық сақтау саласы
кадрларының даярлаудан, біліктілікті
жоғарылатудан және қайта даярлаудан
өткені туралы құжаттар беру»
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына
1-қосымша
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдары
Р/с

Ұй­ым­ның ата­уы
Ұй­ым­ның ор­на­лас­қан ме­кен­жайы
Жұ­мыс кесте­сі
Бас­шы­ның те­ле­фон нө­мі­рі
1
2
3
4
5
1
«Ал­ма­ты мем­ле­кет­тік дә­рі­гер­лер бі­лі­мін же­тіл­ді­ру ин­сти­ту­ты» РМК
Ал­ма­ты қ., Ма­нас к-сі, 34
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(8727) 2749689
2.
«Ма­рат Оспа­нов атын­да­ғы Ба­тыс Қа­зақ­стан мем­ле­кет­тік ме­ди­ци­на уни­вер­си­те­ті» РМҚК
Ақ­тө­бе қ., Ма­ре­сьев к-сі, 68
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87132) 563425
3.
«С.Ж. Асфен­ди­я­ров атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық ме­ди­ци­на уни­вер­си­те­ті» РМК
Ал­ма­ты қ., Тө­ле би к-сі, 88
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87272) 923014
4.
«Қа­ра­ған­ды мем­ле­кет­тік ме­ди­ци­на уни­вер­си­те­ті» РМК
Қа­ра­ған­ды қ., Го­голь к-сі, 40
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87212) 518926
5.
«Се­мей қа­ла­сы­ның мем­ле­кет­тік ме­ди­ци­на уни­вер­си­те­ті» РМК
Се­мей қ., Абай к-сі, 103
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87222) 522251
6
«Оң­тү­стік Қа­зақ­стан мем­ле­кет­тік фар­ма­цев­ти­ка ака­де­ми­я­сы» РМК
Шым­кент қ., Әл-Фа­ра­би к-сі, 1
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87252) 408208
7
«Аста­на ме­ди­ци­на уни­вер­си­те­ті» АҚ
Аста­на қ., Са­ры­ар­қа кө­ше­сі, 95
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87172) 539541
(87172) 539545
8
«Қо­ғам­дық ден­са­улық сақ­тау жо­ға­ры мек­те­бі» РМК
Ал­ма­ты қ., Өте­пов к-сі, 19а
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87273) 378025
(87273) 297188
9
Қ.А. Яс­са­уи атын­да­ғы Ха­лы­қа­ра­лық Қа­зақ-Түрiк уни­вер­си­тетi
Түр­кі­стан қ., уни­вер­си­тет қа­ла­шы­ғы
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87253) 363849
10
«Ұлт­тық ғы­лы­ми ме­ди­ци­на­лық ор­та­лық» АҚ
Аста­на қ., Абы­лай хан даң­ғы­лы, 42
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87172) 231190
11
«Те­рі-ве­не­ро­ло­гия ғы­лы­ми-зерт­теу ин­сти­ту­ты» РМК
Ал­ма­ты қ., Рай­ым­бек даң­ғы­лы, 60
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87273) 974223
12
«Пе­ди­ат­рия және ба­ла­лар хи­рур­ги­я­сы ғы­лы­ми ор­та­лы­ғы» РМҚК
Ал­ма­ты қ., Әл- Фа­ра­би даң­ғы­лы, 146
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87272) 697635
13
«Трав­ма­то­ло­гия және ор­то­пе­дия ғы­лы­ми-зерт­теу ин­сти­ту­ты» РМК
Аста­на қ., Абы­лай хан даң­ғы­лы, 15а
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87172) 547717
14
«Ден­са­улық сақ­та­уды да­мы­ту рес­пуб­ли­ка­лық ор­та­лы­ғы» РМК
Аста­на қ., Има­нов к-сі, 50
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87172) 371199
15
«Қа­зақ он­ко­ло­гия және ра­дио­ло­гия ғы­лы­ми-зерт­теу ин­сти­ту­ты» РМК
Ал­ма­ты қ., Абай даң­ғы­лы, 91
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87272) 921064
16
«Аку­ше­рия, ги­не­ко­ло­гия және пе­ри­на­то­ло­гия ғы­лы­ми ор­та­лы­ғы» РМК
Ал­ма­ты қ., До­стық даң­ғы­лы, 125
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87273) 870887
17
«Ана мен ба­ла ұлт­тық ғы­лы­ми ор­та­лы­ғы» АҚ
Аста­на қ., Тұ­ран даң­ғы­лы, 32
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87172) 701409
18
«Рес­пуб­ли­ка­лық ба­ла­лар­ды оңал­ту ор­та­лы­ғы» АҚ
Аста­на қ., Тұ­ран даң­ғы­лы, 36
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87172) 511544
19
«Құр­мет Бел­гі­сі» ор­ден­ді Қа­зақ көз ау­ру­ла­ры ғы­лы­ми-зерт­теу ин­сти­ту­ты» АҚ
Ал­ма­ты қ., Тө­ле би к-сі, № 95а
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87272) 331786
20
«Кар­дио­ло­гия және іш­кі ау­ру­лар ғы­лы­ми-зерт­теу ин­сти­ту­ты» РМК
Ал­ма­ты қ., Әй­те­ке би к-сі
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(8727) 2796751
21
«Рес­пуб­ли­ка­лық ней­ро­хи­рур­гия ғы­лы­ми ор­та­лы­ғы» АҚ
Аста­на қ., Тұ­ран даң­ғы­лы, 34/1
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87172) 511594
22
«На­ша­қор­лық­тың ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік про­бле­ма­ла­ры рес­пуб­ли­ка­лық ғы­лы­ми-прак­ти­ка­лық ор­та­лы­ғы» РМҚК
Пав­ло­дар қ., Ку­ту­зов к-сі, 200
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87182) 605053
23
«На­ша­қор­лық­тың және пси­хо­те­ра­пи­я­ның, пси­хи­ат­ри­я­ның рес­пуб­ли­ка­лық ғы­лы­ми-прак­ти­ка­лық ор­та­лы­ғы» РМҚК
Ал­ма­ты қ., Аман­гел­ді к-сі, 88
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87272) 274832
24
«Же­дел ме­ди­ци­на­лық жәр­дем рес­пуб­ли­ка­лық ғы­лы­ми ор­та­лы­ғы» АҚ
Аста­на қ., Жәні­бек, Ке­рей хандар к-сі, 3
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87172) 543264
25
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ту­бер­ку­лез про­бле­ма­ла­ры ұлт­тық ор­та­лы­ғы» РМҚК
Ал­ма­ты қ., Бек­қо­жин к-сі
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(8727) 2918692
26
«Ең­бек ги­ги­е­на­сы мен кә­сі­би ау­ру­лар ұлт­тық ор­та­лы­ғы» РМҚК
Қа­ра­ған­ды қ., Мұ­ста­фин к-сі, 15
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87212) 561021, 565263
27
«А.Н. Сыз­ға­нов атын­да­ғы Хи­рур­гия ұлт­тық ғы­лы­ми ор­та­лы­ғы» АҚ
Ал­ма­ты қ., Жел­тоқ­сан к-сі, 62
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87272) 2799282
28
«Б.О. Жар­бо­сы­нов атын­да­ғы Уро­ло­гия ғы­лы­ми ор­та­лы­ғы»
Ал­ма­ты қ., Ба­се­нов к-сі, 2
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(8727) 378493
29
«Са­ла­у­ат­ты өмір сал­тын қа­лып­та­сты­ру про­бле­ма­ла­ры ұлт­тық ор­та­лы­ғы» РМК
Ал­ма­ты қ., Д.Қо­на­ев к-сі, 86
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87272) 912081
30
«Ра­ди­а­ци­я­лық ме­ди­ци­на және эко­ло­гия ғы­лы­ми-зерт­теу ин­сти­ту­ты» РМҚК
Се­мей қ., Га­га­рин к-сі, 258
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87222) 546349
31
«Сот ме­ди­ци­на­сы ор­та­лы­ғы» РМҚК
Аста­на қ., Же­ңіс даң­ғы­лы, № 119/1
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87172) 934043
32
«Транс­фу­зио­ло­гия ғы­лы­ми-өн­ді­рі­стік ор­та­лы­ғы» РМК
Аста­на қ., Ке­рей, Жәні­бек хандар к-сі, № 10
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87172) 543300
33
«Рес­пуб­ли­ка­лық ор­та ме­ди­ци­на және фар­ма­цев­ти­ка қыз­мет­кер­ле­рін да­яр­лау және қай­та да­яр­лау кол­ле­джі» РМҚК
Ал­ма­ты қ., Ш. Қал­да­я­қов к-сі, 54
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87272) 938213
34
«Көк­ше­тау ме­ди­ци­на кол­ле­джі» МКҚК
Көк­ше­тау қ., Гли­нин к-сі, 54
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87162) 315621, 315620, 314560
35
«Ақ­тө­бе ме­ди­ци­на кол­ле­джі» МКҚК
Ақ­тө­бе қ., Шер­ни­я­зов к-сі, 18а
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87132) 400482, 400498
36
«Тал­ды­қор­ған қа­ла­сы­ның ме­ди­ци­на кол­ле­джі» МКҚК
Тал­ды­қор­ған қ., Жан­с­ү­гі­ров к-сі, 228
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87282) 224334, 224335
37
«Тал­ғар ме­ди­ци­на кол­ле­джі» МКҚК
Тал­ғар қ., Пав­лов к-сі, 24а
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(872774) 21993, 21611
38
«Аты­рау ме­ди­ци­на кол­ле­джі» МКҚК
Аты­рау қ., Құр­ман­ға­зы к-сі, 7
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87122) 281038, 283850
39
«Өс­ке­мен ме­ди­ци­на кол­ле­джі» ҚМКК
Өс­ке­мен қ., 30 Гвар­дей­ская ди­ви­зия к-сі, 44
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87232) 540902, 540394
40
«Се­мей қа­ла­сы­ның Д. Қал­ма­та­ев атын­да­ғы мем­ле­кет­тік ме­ди­ци­на кол­ле­джі» ҚМКК
Се­мей қ., Ин­тер­на­ци­о­наль­ная к-сі, 38
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87222) 560725, 563500
41
«Жам­был ме­ди­ци­на кол­ле­джі» ҚМКК
Жам­был қ., Ни­ет­қа­ли­ев к-сі, 20
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87262) 450320, 450319
42
«Ба­тыс Қа­зақ­стан ме­ди­ци­на кол­ле­джі» МҚКК
Орал қ., Жәң­гір­хан к-сі, 67
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87112) 501183, 521538
43
«Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы­ның ме­ди­ци­на кол­ле­джі» КМҚК
Қа­ра­ған­ды қ., Чка­лов к-сі, 9
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87212) 414532, 414501
44
«Жез­қаз­ған қа­ла­сы­ның ме­ди­ци­на кол­ле­джі» КМҚК
Жез­қаз­ған қ., Та­ра­дая к-сі, 8
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87102) 722960
45
«Бал­қаш қа­ла­сы­ның ме­ди­ци­на кол­ле­джі» КМҚК
Бал­қаш қ., Жел­тоқ­сан к-сі
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(871036) 48550
46
«Қо­ста­най ме­ди­ци­на кол­ле­джі» МКҚК
Қо­ста­най қ., Бай­ма­ғам­бе­тов к-сі, 181
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87142) 547764
47
«Ар­қа­лық ме­ди­ци­на кол­ле­джі» МКҚК
Ар­қа­лық қ., Абай даң­ғы­лы, 23
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(871430) 72302
48
«Қы­зы­лор­да ме­ди­ци­на кол­ле­джі» МКҚК
Қы­зы­лор­да қ., Жа­қа­ев к-сі, 78
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87242) 230513, 230070, 230595
49
«Маң­ғы­стау об­лы­стық ме­ди­ци­на кол­ле­джі» МКҚК
Жа­ңа­ө­зен қ., «Шұ­ғы­ла», ша­ғын ауда­ны 21б
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(872934) 32646
50
«Пав­ло­дар ме­ди­ци­на кол­ле­джі» МКҚК
Пав­ло­дар қ., Бай­за­қов к-сі, 151
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87182) 573380
51
«Екі­ба­стұз ме­ди­ци­на кол­ле­джі» ҚМКК
Екі­ба­стұз қ., Ло­мо­но­сов к-сі, 5
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(871877) 54306, 54462
52
«Сол­тү­стік Қа­зақ­стан ме­ди­ци­на кол­ле­джі» ҚМКК
Пет­ро­павл қ., Шу­хов к-сі 42
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87152) 320869, 471486
53
«Шым­кент ме­ди­ци­на кол­ле­джі» МКҚК
Шым­кент қ., Жыл­қы­ши­ев к-сі, 43
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87252) 530910
54
«Түр­кі­стан ме­ди­ци­на кол­ле­джі» МКҚК
Түр­кі­стан қ., Қо­жа­нов к-сі, 42
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87253) 343157, 43156
55
«Же­ті­сай ме­ди­ци­на кол­ле­джі» МКҚК
Же­ті­сай қ., Л. Тоқ­бер­ге­нов к-сі, 3
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(872534) 67541
56
«Ме­ди­ци­на кол­ле­джі» МКҚК Ал­ма­ты қ.
Ал­ма­ты қ., Қа­бан­бай ба­тыр к-сі, 132
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87272) 675905, 673662
57
«Қа­ла­лық ме­ди­ци­на кол­ле­джі» МКҚК Аста­на қ.
Аста­на қ., Ш. Құ­дай­бер­ді­ұ­лы к-сі, 16
са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін
13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен
(87172) 560061

2 Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

«Денсаулық сақтау саласы
кадрларының даярлаудан, біліктілікті
жоғарылатудан және қайта даярлаудан
өткені туралы құжаттар беру»
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Са­па және ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш­тің нор­ма­тив­тік мәні
Көр­сет­кіш­тің ал­да­ғы жыл­да­ғы ны­са­на­лы мәні
Көр­сет­кіш­тің есеп­ті жыл­да­ғы ағым­да­ғы мәні
1
2
3
4
1. Уақ­ты­лы­лы­ғы
1.1. Құ­жат­ты тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап бел­гі­лен­ген мер­зім­де қыз­мет көр­се­ту жағ­дай­ла­ры­ның %-ы (үле­сі)
2. Са­па­сы
2.1. Қыз­мет көр­се­ту үде­рі­сі­нің са­па­сы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
3. Қол­же­тім­ді­лі­гі
3.1. Қыз­мет көр­се­ту са­па­сы­на және оның тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­қа қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
3.2. Ақ­па­рат­қа элек­трон­дық фор­мат­та қол жет­кізу­ге бо­ла­тын қыз­мет­тер­дің %-ы (үле­сі)
4. Ша­ғым­да­ну үде­рі­сі
4.1. Ша­ғым­да­ну­дың қол­да­ны­с­та­ғы тәр­ті­біне қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
5. Сы­пай­ы­лық
5. Пер­со­нал­дың сы­пай­ы­лы­ғы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)

Қолданыстағы