Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Коксуского районного маслихата от 20 декабря 2011 года N 66-3 "Об установлении повышенных тарифных ставок в размере двадцати пяти процентов специалистам здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта работающим в сельских населенных пунктах Коксуского района"

Өзге акт · № 8-2 · қабылданған 05.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2011-n-66-3/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Коксуского районного маслихата от 20 декабря 2011 года N 66-3 "Об установлении повышенных тарифных ставок в размере двадцати пяти процентов специалистам здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта работающим в сельских населенных пунктах Коксуского района" Күшін жойған Өзге акт ·№ 8-2 ·05.11.2012
06.05.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Коксуского районного маслихата от 20 декабря 2011 года N 66-3 "Об установлении повышенных тарифных ставок в размере двадцати пяти процентов специалистам здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта работающим в сельских населенных пунктах Коксуского района"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 8-2 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Коксуского районного маслихата от 20 декабря 2011 года N 66-3 "Об установлении повышенных тарифных ставок в размере двадцати пяти процентов специалистам здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта работающим в сельских населенных пунктах Коксуского района"
Атауы (қаз.)
Көксу ауданы мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы "Көксу ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент мөлшерінде жоғарылатылған тарифтік ставкалар белгілеу туралы" N 66-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8-2
Қабылданған күні
05.11.2012
Көрсетілген редакция
06.05.2015 68767_323880.kaz
Соңғы өзгеріс
06.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12DN002197
ЭКБ идентификаторы
68767
Редакция идентификаторы
68767_323880
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:59

0

Көксу ауданы мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы "Көксу ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент мөлшерінде жоғарылатылған тарифтік ставкалар белгілеу туралы" N 66-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4–тармағына және Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес Көксу ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Көксу ауданы мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы "Көксу ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент мөлшерінде жоғарылатылған тарифтік ставкалар белгілеу туралы" N 66-3 шешіміне (2012 жылдың 13 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2-14-121 енгізілген, 2012 жылдың 20 қаңтарында аудандық "Нұрлы Көксу" газетінің N 3(112) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:
"Көксу ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы".
Бірінші тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
"Көксу ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін".

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Заңдылық пен құқықтық тәртіп, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, марапаттау және депутаттардың өкілеттігі жөніндегі " тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық экономика және
бюджеттік жоспарлау
бөлімінің бастығы
Әсел Базарханқызы Әмірсейітова
05 қараша 2012 жылғы

Қолданыстағы