О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 20 января 2011 года № 15 "Об утверждении Правил ведения частным судебным исполнителем книги учета сумм на текущем счете (депозитная книга)"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 20 января 2011 года № 15 "Об утверждении Правил ведения частным судебным исполнителем книги учета сумм на текущем счете (депозитная книга)"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республика Әділет министрінің "Жеке сот орындаушысының ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабын (депозиттік кітап) жүргізу ережесін бекіту туралы" 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 15 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 207
- Қабылданған күні
- 25.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2020 66405_479000.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007764
- ЭКБ идентификаторы
- 66405
- Редакция идентификаторы
- 66405_479000
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:11
0 Қазақстан Республика Әділет министрінің "Жеке сот орындаушысының ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабын (депозиттік кітап) жүргізу ережесін бекіту туралы" 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 15 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 123-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Жеке сот орындаушысының ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабын (депозиттік кітап) жүргізу ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6754 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 сәуірдегі «Казахстанская правда» газетінде жарияланған № 129-130 (26550-26551)) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысының ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабын (депозиттық кітап) жүргізу туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ағымдағы шотқа сомалар түскен жағдайда жеке сот орындаушы үш жұмыс күні ішінде төлем шотын банкке жібереді.
Аталған төлем шотының орындалуы туралы банктің белгілеуінен кейін жеке сот орындаушысы депозиттік кітапта тиісті жазба жүргізеді. Төлем шотының бір данасы атқарушылық іс жүргізу материалдарына тіркеледі, екіншісі хронологиялық тәртіпте нарядқа жеке тігіледі.».