О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 20 апреля 2011 года № 152 «Об утверждении Правил организации учебного процесса по кредитной технологии обучения в организациях высшего и (или) послевузовского образования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 20 апреля 2011 года № 152 «Об утверждении Правил организации учебного процесса по кредитной технологии обучения в организациях высшего и (или) послевузовского образования»
- Атауы (қаз.)
- «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 334
- Қабылданған күні
- 25.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 25.07.2023 184397_644180.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033173
- ЭКБ идентификаторы
- 184397
- Редакция идентификаторы
- 184397_644180
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:43
0 «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3 бабының 13) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 88) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3 бабының 13) тармақшасына (бұдан әрі - Заң), «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 88) тармақшасына (бұдан әрі – Ереже) сәйкес әзірленген және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) оқытудың кредиттік технологиясы бойынша (бұдан әрі - ОКТ) оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.»;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«ӘАОО-да оқу жоспарлары үлгілік оқу жоспарлары (ҮОЖ) және оқу жұмыс жоспарлары (ОЖЖ) болып бөлінеді. ҮОЖ-ны ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітеді. ҮОЖ-да міндетті компоненттің әр оқу пәнінің және оқу қызметінің әр түрінің (практика, мемлекеттік емтихандар, диплом жұмысын жазу мен қорғау) еңбек сыйымдылығы кредитпен анықталады, ал оқу пәндерінің әр циклы бойынша ЖОО компоненті кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Үлгілік оқу бағдарламалары (бұдан әрі - ҮОБ) бакалавриатта ЖБП циклының міндетті компонентінің пәндері бойынша Ереженің 15-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әзірленеді.
ӘАОО-да ЖБП циклының пәндері бойынша ҮОБ-ны ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша қарамағында ӘАОО бар мемлекеттік орган бекітеді.».