О внесении изменения в решение от 20 июня 2011 года № 28-8 "Об утверждении Правил определения порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение от 20 июня 2011 года № 28-8 "Об утверждении Правил определения порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)"
- Атауы (қаз.)
- "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Ережесін бекіту туралы" 2011 жылғы 20 маусымдағы № 28-8 шешімге өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4-4
- Қабылданған күні
- 10.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2014 AI66930_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VN002627
- ЭКБ идентификаторы
- 66930
- Редакция идентификаторы
- AI66930_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:50
0 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Ережесін бекіту туралы" 2011 жылғы 20 маусымдағы № 28-8 шешімге өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 1626 қаулысына және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" № 471 Бұйрығына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Күршім аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 маусымдағы № 28-8 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылы 11 шілдеде № 5-14-130 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 шілдедегі № 56 "Рауан", 2011 жылғы 16 шілдедегі № 56 "Заря" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Ережесінің:
5 бөлімі алынып тасталсын.
2 2. Осы шешім ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Л. Шоқаева
Күршім аудандық
мәслихаттың хатшысы
Қ. Әбілмәжінов