О внесении изменений в решение Курчумского районного маслихата от 20 июня 2011 года № 28-8 "Об утверждении Правил определения порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Курчумского районного маслихата от 20 июня 2011 года № 28-8 "Об утверждении Правил определения порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)"
- Атауы (қаз.)
- Күршім аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 маусымдағы № 28-8 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 18-8
- Қабылданған күні
- 22.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2014 AI82482_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14VN003464
- ЭКБ идентификаторы
- 82482
- Редакция идентификаторы
- AI82482_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:04
0 Күршім аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 маусымдағы № 28-8 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Күршім ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы" Күршім аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 20 маусымдағы № 28-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 11 шілдеде № 5-14-130 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 шілдедегі № 56 "Рауан" және "Заря" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасында:
8 тармақтағы "11 тармақтың санамаланған" деген сөздер "Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес" деген сөздерге алмастырылсын;
11 11 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
11 "11. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі мен құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген.";
19 19 тармақ алынып тасталсын;
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасының қосымшасында:
"Күршім аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы"
жолы жаңа редакцияда жазылсын:
"Күршім аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы".
2 2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы
Қ. Тюстюкпаев
Күршім аудандық
мәслихаттың хатшысы
Қ. Әбілмәжінов