О внесении изменения в решение маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 20 декабря 2012 года № 11/6 «О Правилах оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в районе Шал акына»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 20 декабря 2012 года № 11/6 «О Правилах оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в районе Шал акына»
- Атауы (қаз.)
- «Шал ақын ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 11/6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 40/2
- Қабылданған күні
- 13.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 12.05.2017 92004_186520.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SN003322
- ЭКБ идентификаторы
- 92004
- Редакция идентификаторы
- 92004_186520
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:10
0 «Шал ақын ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 11/6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Респрубликасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабы 2 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Шал ақын ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 11/6 шешіміне (2013 жылғы 18 қаңтарда № 2080 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2013 жылғы 1 ақпандағы аудандық «Парыз» газетінде және 2013 жылғы 1 ақпандағы аудандық «Новатор» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Шал ақын ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмек көрсетудің қағидасының 1 тармағы 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;».
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын
ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесі басшысының м.а.
_______________________ С.Е.Андреев
2015 жылғы 13 шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданының экономика
және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________ Л. М.Мұхамеджанова
2015 жылғы 13 шілде