О внесении изменения в решение маслихата Зыряновского района от 20 декабря 2012 года № 13/6-V "О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата Зыряновского района от 20 декабря 2012 года № 13/6-V "О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах"
- Атауы (қаз.)
- "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек туралы" Зырян ауданының мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 13/6-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 30/4-V
- Қабылданған күні
- 17.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2017 80182_265034.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14VL003338
- ЭКБ идентификаторы
- 80182
- Редакция идентификаторы
- 80182_265034
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:01
0 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек туралы" Зырян ауданының мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 13/6-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек туралы» Зырян ауданының мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 13/6-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2842, 2013 жылғы 31 қаңтардағы «Көктас таңы», «Пульс! Зыряновска» № 4 газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Зырян ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек берiлсін.
Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген мөлшерде беріледі.
Мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек 8640 (сегіз мың алты жүз қырық) теңге көлемінде ұсынылады.».