О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 ноября 2012 года № 1463 "О некоторых вопросах лицензирования деятельности по перевозке пассажиров"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 ноября 2012 года № 1463 "О некоторых вопросах лицензирования деятельности по перевозке пассажиров"
- Атауы (қаз.)
- "Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 1463 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1111
- Қабылданған күні
- 18.10.2013
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2016 AI74825_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300001111
- ЭКБ идентификаторы
- 74825
- Редакция идентификаторы
- AI74825_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:04
0 "Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 1463 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 1463 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 79, 1175-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
2 2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі лицензиар болып айқындалсын.»;
3
3) көрсетілген қаулымен бекітілген жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
автобустар мен шағын автобустардағы тахографтарды тексеру туралы сертификат
тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері
Мемлекеттік қызметті алушы салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады
».