О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 февраля 2012 года № 244 "Вопросы Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры"
Күшін жойған
Қаулы
·№ 1267
·
23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 февраля 2012 года № 244 "Вопросы Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1267
- Қабылданған күні
- 08.10.2012
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2014 AI67967_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001267
- ЭКБ идентификаторы
- 67967
- Редакция идентификаторы
- AI67967_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:12
0 "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 34, 439-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі туралы ережеде:
14-тармақта:
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
16-1 «16-1) халықтың дене шынықтыру дайындығының нормативтерін әзірлейді;»;
17 17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
17 «17) спорт құрылыстарын пайдалану нормалары мен ережелерін әзірлейді және бекітеді;»;
20 20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
20 «20) жаттықтырушылар, нұсқаушы-спортшылар, әдіскерлер, төрешілер санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;»;
22 22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
22 «22) Қазақстан Республикасының аумағында спорттық іс-шаралар және шет мемлекеттерде халықаралық спорттық іс-шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
29-1 «29-1) Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;»;
31 31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
31 «31) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн, жартыжылдық тексеру жоспарларын әзiрлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
31-1 «31-1) еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық төлемақыларды қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:
34-1 «34-1) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;»;
35 35) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
«ойын бизнесі, лотереяны ұйымдастыру және өткізу саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;»;