Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в решение Есильского районного маслихата от 20 февраля 2012 года № 2/5 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"

Өзге акт · № 8/5 · қабылданған 22.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2012-no-25-ekb-66521/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в решение Есильского районного маслихата от 20 февраля 2012 года № 2/5 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан" Күшін жойған Өзге акт ·№ 8/5 ·22.06.2012
29.01.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в решение Есильского районного маслихата от 20 февраля 2012 года № 2/5 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 8/5 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в решение Есильского районного маслихата от 20 февраля 2012 года № 2/5 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
Атауы (қаз.)
Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 ақпандағы № 2/5 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8/5
Қабылданған күні
22.06.2012
Көрсетілген редакция
29.01.2013 66521_191392.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12BK000158
ЭКБ идентификаторы
66521
Редакция идентификаторы
66521_191392
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:57

0 Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 ақпандағы № 2/5 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген, «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 ақпандағы № 2/5 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-11-151 тіркелген, 2012 жылғы 30 наурызда аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
1 тармақтың 1) тармақшасындағы екінші азат жол жаңа редакцияда баяндалсын:
«онкологиялық ауруларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және туберкулезбен ауыратындарға сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;»;
1 тармақ келесі мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын әйелдерге, жүктілік мерзімінде қосымша тамақтануына алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет.»;
2 тармақ келесі мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын әйелдерге, жүктілік мерзімінде қосымша тамақтануына:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
ӘЖК көшірмесі;
СТН көшірмесі;
жеке шотының нөмірі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушының қатарына жататындығын растайтын анықтама;
жүктілігін растайтын, медициналық мекеменің анықтамасы.».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Есіл ауданының әкімі Қ.Рахметов

Қолданыстағы