Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в решение Есильского районного маслихата от 20 февраля 2012 года № 2/5 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"

Өзге акт · № 12/4 · қабылданған 27.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2012-no-25/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в решение Есильского районного маслихата от 20 февраля 2012 года № 2/5 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан" Күшін жойған Өзге акт ·№ 12/4 ·27.11.2012
29.01.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в решение Есильского районного маслихата от 20 февраля 2012 года № 2/5 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 12/4 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в решение Есильского районного маслихата от 20 февраля 2012 года № 2/5 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
Атауы (қаз.)
"Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 20 ақпандағы № 2/5 Есіл аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
12/4
Қабылданған күні
27.11.2012
Көрсетілген редакция
29.01.2013 69657_191300.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12BK003561
ЭКБ идентификаторы
69657
Редакция идентификаторы
69657_191300
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:45

0 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 20 ақпандағы № 2/5 Есіл аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген, «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 2012 жылға коммуналдық қызмет шығындарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 9 ақпандағы № А-2/59 қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Есіл аудандық мәслихатының «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 20 ақпандағы № 2/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-11-151 тіркелген, 2012 жылғы 30 наурызда аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
1 тармақтың 8) тармақшасындағы екінші азат жол алынып тасталсын;
1 тармақ келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен ай сайын жүз пайыз мөлшерде коммуналдық қызмет ақысының шығындарын өтеуге.»;
2 тармақ келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына коммуналдық қызмет ақысының шығындарын өтеуге:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
коммуналдық қызметтің төленгендігін растайтын құжаттардың (түбіртектер, чектер, жүкқұжаттар) көшірмесі.».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Есіл ауданының әкімі Қ.Рахметов

Қолданыстағы